АЛМАТЫ, 16 тамыз – Sputnik. Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады? Ата-аналар не дейді? Алматы базарындағы бағаны Sputnik Қазақстан тілшісі анықтап көрді.

Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады
© Sputnik / Айдана Дайырова
Бала жетектеп, баға сұраған ата-ананың қарасы көп. Әсіресе оқу құралдары мен мектеп киімдеріне сұраныс жоғары. Бұл – Алматыдағы атақты "Барахолка" базары. Саудаласқан ата-ана сұраған затын 1-2 мың теңгеге арзандата алады. Алайда биылғы бағаны былтырғымен салыстыру қиын.

Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Мен бір ғана оқушыны мектепке дайындадым. Шамамен 100 мың теңге кетті. Оның өзінде бәрін алған жоқпын. Аяқ киім, спорттық аяқ киім, жейде, кеудеше және кеңсе тауарларын ғана алдым. Бірталай зат қымбаттаған. Бір баланың өзіне осынша ақша кетіп жатыр. Көпбалалы отбасылардың жағдайын білмеймін", - дейді Алматы тұрғыны Назым Сарпекова.
Ұл балаға:
шалбар, жилет және костюм жиынтығы – 26-70 мың теңге;
спорттық ақ футболка, қара шалбар және кроссовки – 25 мың теңге;
аяқ киім – 10-15 мың теңге;
жейде – 6-12 мың теңге;
оқу құралдары – кемінде 50 мың теңге.
Қыз балаға:
белдемше, жилет және костюм жиынтығы – 30-80 мың теңге;
спорттық киім – 20-25 мың теңге;
аяқ киім – 12-18 мың теңге;
кофта – 10-15 мың теңге;
оқу құралдары – 50 мың теңге.
Бұл есепке іш киім, шұлық сияқты ұсақ-түйек киімдер кірмейді.

Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Баланы бастан-аяқ киіндіру керек болса, күн суығанда киетін киімдерін де түгел алсаңыз, шығын 300 мың теңгеге барып қалуы мүмкін. Мен қымбат киім алған жоқпын, орташа бағалы киімдерді таңдадым және саудаластым. Бір аяқ киімнің бағасы 26 мың теңге болды, 22 мыңға алдым. Спорттық аяқ киімді де саудаласып, 15 мың теңгеге сатып алдым. Одан да арзанын алуға болатын шығар, бірақ бір айдан кейін табаны ашылып қала ма деп ойладым. Сапасы нашар болуы мүмкін. Ал сөмкелердің бізге ұнағаны 14 мың теңге болды", - дейді Назым Сарпекова.
Айтпақшы, сөмкелердің бағасы 3-18 мың теңге аралығында. Сапасы да бағасына қарай өзгереді. Ең қымбат сөмкелер бірнеше жылға шыдаса, арзаны бір жылға ғана жетуі мүмкін.

1/9
© Sputnik / Айдана Дайырова
Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады

2/9
© Sputnik / Айдана Дайырова
Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады

3/9
© Sputnik / Айдана Дайырова
Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады

4/9
© Sputnik / Айдана Дайырова
Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады

5/9
© Sputnik / Айдана Дайырова
Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады

6/9
© Sputnik / Айдана Дайырова
Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады

7/9
© Sputnik / Айдана Дайырова
Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады

8/9
© Sputnik / Айдана Дайырова
Баланы жаңа оқу жылына дайындау қанша тұрады

9/9

Оқу құралдарын сататын дүкендерде түрлі акциялар да ұйымдастырылып жатыр. Мысалы, 20 мың теңгеге сауда жасасаңыз, 20 дәптер тегін беріледі.
Қазір базар аралап, әуре болмай-ақ, интернет-дүкендерден арзан тауар сатып алатындар да көп. Алайда тауарды қолмен ұстап, көзбен көрмегендіктен, сапасы көңілден шықпайтын немесе өлшемі сәйкес келмейтін жағдайлар жиі кездеседі.
Базарда сауда жасап жүрген ата-аналардың көпшілігі баласын бастан-аяқ толық киіндіріп жатқан жоқ. Олар тек ең қажетті заттарды алып жүр.