https://sputnik.kz/20260815/astana-koshelerinde-shamshinin-anderi-shyrqaldy-65735913.html
Астана көшелерінде Шәмшінің әндері шырқалды
Астана көшелерінде Шәмшінің әндері шырқалды
Sputnik Қазақстан
Бүгін көрнекті композитордың туғанына 96 жыл 15.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-15T14:00+0500
2026-08-15T14:00+0500
2026-08-15T17:32+0500
астана
видео
шәмші қалдаяқов
https://sputnik.kz/img/07ea/08/0f/65736307_0:0:1083:610_1920x0_80_0_0_fd6135128ecc663723188c634fdaae8a.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Астанада көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған ерекше музыкалық перформанс өтті. Композитордың туған күніне орай Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермендер театрының әртістері көпшілікке кеңінен танымал әндерін қала кеңістігінде орындап, көрерменге тарту етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Өнерпаздар Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалатын пианино инсталляциясының жанына жайғасып, өнер көрсетті. Бұл жас өнерпаздарға Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын бүгінгі көрерменге жаңаша танытып, композитордың мол мұрасын заманауи форматта жеткізуге мүмкіндік берді."Шәмшінің әндері ұрпақты ұйыстырады. Оның әндерін әр жастағы адам біледі, сүйіп тыңдайды. Біз үшін бұл шығармалардың сахнадан ғана емес, қала кеңістігінде де шырқалып, Астананың күнделікті тыныс-тіршілігінің бір бөлшегіне айналуы маңызды", – деді Музыкалық жас көрермендер театрының директоры Асхат Маемиров.Сонымен қатар елордадағы музыкалық қойылымдар бірнеше алаңда – "Бәйтерек" монументі маңында және Арбатта ұйымдастырылды.
https://sputnik.kz/20220615/shamshi-qaldayaqov-qazaqstan-enbek-eri-25538825.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/0f/65736307_43:0:1003:720_1920x0_80_0_0_42b0c7955dd7bc3aba9d86dfa676626c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, шәмші қалдаяқов
Астана көшелерінде Шәмшінің әндері шырқалды
14:00 15.08.2026 (жаңартылды: 17:32 15.08.2026) Бүгін көрнекті композитордың туғанына 96 жыл
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Астанада көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған ерекше музыкалық перформанс өтті.
Композитордың туған күніне орай Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермендер театрының әртістері көпшілікке кеңінен танымал әндерін қала кеңістігінде орындап, көрерменге тарту етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Перформанс барысында жас өнерпаздар композитордың "Арыс жағасында", "Сағынышым менің", "Бақыт құшағында", "Ана туралы жыр", "Құшақ жайған қандай адам", "Жан құрбым" және "Қайықта" сынды танымал шығармаларын орындады", - делінген хабарламада.
Өнерпаздар Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалатын пианино инсталляциясының жанына жайғасып, өнер көрсетті. Бұл жас өнерпаздарға Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын бүгінгі көрерменге жаңаша танытып, композитордың мол мұрасын заманауи форматта жеткізуге мүмкіндік берді.
"Шәмшінің әндері ұрпақты ұйыстырады. Оның әндерін әр жастағы адам біледі, сүйіп тыңдайды. Біз үшін бұл шығармалардың сахнадан ғана емес, қала кеңістігінде де шырқалып, Астананың күнделікті тыныс-тіршілігінің бір бөлшегіне айналуы маңызды", – деді Музыкалық жас көрермендер театрының директоры Асхат Маемиров.
Сонымен қатар елордадағы музыкалық қойылымдар бірнеше алаңда – "Бәйтерек" монументі маңында және Арбатта ұйымдастырылды.