https://sputnik.kz/20260815/askeri-teniz-tuynyn-koterilgenine-30-zhyl-kaspiy-zhagalauynda-saltanatty-shara-otti-65743161.html
Әскери-теңіз туының көтерілгеніне 30 жыл: Каспий жағалауында салтанатты шара өтті
Әскери-теңіз туының көтерілгеніне 30 жыл: Каспий жағалауында салтанатты шара өтті
Sputnik Қазақстан
Осы тарихи сәттен бастап еліміздің теңіздегі мемлекеттік шекарасын, егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған отандық әскери флоттың қалыптасу жолы... 15.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-15T18:03+0500
2026-08-15T18:03+0500
2026-08-15T18:03+0500
ақтау
теңіз
әскерилер
https://sputnik.kz/img/07ea/08/0f/65739488_0:33:1280:753_1920x0_80_0_0_4593941843b55dd20849030002daf924.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Ақтау қаласында Әскери-теңіз күштері туының көтерілгеніне 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.30 жыл бұрын Каспий теңізінің жағалауында тәуелсіз Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің туы алғаш рет көтерілген болатын. Осы тарихи сәттен бастап еліміздің теңіздегі мемлекеттік шекарасын, егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған отандық әскери флоттың қалыптасу жолы басталды.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, 30 жылдың ішінде Әскери-теңіз күштері қалыптасудың үлкен әрі абыройлы жолынан өтті."Бүгінде бұл – жауынгерлік даярлығы жоғары, заманауи білімі мен мол тәжірибесі бар кәсіби әскери құрылым. Қазақстанның Әскери-теңіз күштерін құрудың бастауында тұрған ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің қызмет жолдарыңыз – кейінгі ұрпақ үшін ерліктің, Отанға және әскери борышқа адалдықтың үлгісі. Сіздер қалыптастырған әскери қызмет дәстүрлері – баға жетпес мұра әрі еліміздің теңіздегі қауіпсіздігін одан әрі нығайтудың берік негізі", – дейді Қилыбай.Салтанатты шара барысында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Әскери-теңіз күштерінің туы көтерілді. Ал концерттік бағдарламадан кейін қатысушылар мен қонақтарға әскери кемелер таныстырылып, Әскери-теңіз күштерінің экипаждары мен әскери техникасы көрсетілді.Шараға ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков, әскери қызметшілер, Әскери-теңіз күштерінің ардагерлері мен жеке құрам қатысты.
https://sputnik.kz/20260810/aqtauda-kaspiy-many-elderinin-dostyq-alleyasy-ashyldy-65589336.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/0f/65739488_117:0:1164:785_1920x0_80_0_0_e831aecc22505fd2c21d7b7cd6fbb7d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, теңіз, әскерилер
Әскери-теңіз туының көтерілгеніне 30 жыл: Каспий жағалауында салтанатты шара өтті
Осы тарихи сәттен бастап еліміздің теңіздегі мемлекеттік шекарасын, егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған отандық әскери флоттың қалыптасу жолы басталды
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Ақтау қаласында Әскери-теңіз күштері туының көтерілгеніне 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
30 жыл бұрын Каспий теңізінің жағалауында тәуелсіз Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің туы алғаш рет көтерілген болатын. Осы тарихи сәттен бастап еліміздің теңіздегі мемлекеттік шекарасын, егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған отандық әскери флоттың қалыптасу жолы басталды.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, 30 жылдың ішінде Әскери-теңіз күштері қалыптасудың үлкен әрі абыройлы жолынан өтті.
"Бүгінде бұл – жауынгерлік даярлығы жоғары, заманауи білімі мен мол тәжірибесі бар кәсіби әскери құрылым. Қазақстанның Әскери-теңіз күштерін құрудың бастауында тұрған ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің қызмет жолдарыңыз – кейінгі ұрпақ үшін ерліктің, Отанға және әскери борышқа адалдықтың үлгісі. Сіздер қалыптастырған әскери қызмет дәстүрлері – баға жетпес мұра әрі еліміздің теңіздегі қауіпсіздігін одан әрі нығайтудың берік негізі", – дейді Қилыбай.
Салтанатты шара барысында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Әскери-теңіз күштерінің туы көтерілді. Ал концерттік бағдарламадан кейін қатысушылар мен қонақтарға әскери кемелер таныстырылып, Әскери-теңіз күштерінің экипаждары мен әскери техникасы көрсетілді.
Шараға ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков, әскери қызметшілер, Әскери-теңіз күштерінің ардагерлері мен жеке құрам қатысты.