https://sputnik.kz/20260814/zhoo-ga-tuskende-eskeriledi-zhana-oqu-zhylynda-mektepte-qanday-ozgerister-bolady-65723173.html
"ЖОО-ға түскенде ескеріледі": жаңа оқу жылында мектепте қандай өзгерістер болады
"ЖОО-ға түскенде ескеріледі": жаңа оқу жылында мектепте қандай өзгерістер болады
Sputnik Қазақстан
1 қыркүйектен бастап клубтар, үйірмелер мен әскери-патриоттық сыныптар "Жас айбын" бірыңғай мәртебесімен біріктіріледі 14.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-14T17:21+0500
2026-08-14T17:21+0500
2026-08-14T18:59+0500
мектеп
оқу жылы
бірінші сынып
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50533926_0:110:1171:769_1920x0_80_0_0_293c8f1eb55429303aef06c3ca716985.jpg
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрінің вице-министрі Шынар Ақпарова жаңа оқу жылында мектепте болатын өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бастауыш сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) болмайды.Бұдан бөлек, 5–9-сыныптарда іргелі пәндерді тереңдетіп оқытуға баса мән беріледі. Ал 8–9-сыныптарда "Қазақстан географиясы" пәнін аптасына екі сағат оқыту жоспарланған.Жаңа оқу жылынан бастап 5–7-сыныптарда "Конституция негіздері", ал 8–11-сыныптарда "Заң және тәртіп" міндетті курстары енгізіледі. Экологиялық ағарту бойынша бірыңғай стандарт әзірленеді.1 қыркүйектен бастап клубтар, үйірмелер мен әскери-патриоттық сыныптар "Жас айбын" бірыңғай мәртебесімен біріктіріледі. Жоба қатысушылары үшін келісімшарт бойынша әскери қызметке және әскери оқу орындарына түсу кезінде ынталандыру шаралары қарастырылған.
https://sputnik.kz/20260626/mektepte-zhiyntyq-bagalaudy-qay-synyptarda-alyp-tastaydy--ministrdin-zhauaby-64471860.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50533926_0:0:1171:878_1920x0_80_0_0_3e7c8a28cb6ad03f7a8ef607c6292aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, оқу жылы, бірінші сынып
мектеп, оқу жылы, бірінші сынып
"ЖОО-ға түскенде ескеріледі": жаңа оқу жылында мектепте қандай өзгерістер болады
17:21 14.08.2026 (жаңартылды: 18:59 14.08.2026) 1 қыркүйектен бастап клубтар, үйірмелер мен әскери-патриоттық сыныптар "Жас айбын" бірыңғай мәртебесімен біріктіріледі
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрінің вице-министрі Шынар Ақпарова жаңа оқу жылында мектепте болатын өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бастауыш сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) болмайды.
"Ендігі басымдық баланы жиі бағалауға емес, оның оқу материалын терең түсініп, алған білімін іс жүзінде қолдануына қажетті жағдай қалыптастыруға беріледі. Ал жоғары сыныптарда барлық негізгі пәндерді міндетті түрде оқыту заңнамалық тұрғыда бекітіледі. Осыған байланысты қысқартылған үлгілік оқу жоспарларынан бас тартылады", - деді Ақпарова тамыз конференциясында.
Бұдан бөлек, 5–9-сыныптарда іргелі пәндерді тереңдетіп оқытуға баса мән беріледі. Ал 8–9-сыныптарда "Қазақстан географиясы" пәнін аптасына екі сағат оқыту жоспарланған.
Жаңа оқу жылынан бастап 5–7-сыныптарда "Конституция негіздері", ал 8–11-сыныптарда "Заң және тәртіп" міндетті курстары енгізіледі. Экологиялық ағарту бойынша бірыңғай стандарт әзірленеді.
1 қыркүйектен бастап клубтар, үйірмелер мен әскери-патриоттық сыныптар "Жас айбын" бірыңғай мәртебесімен біріктіріледі. Жоба қатысушылары үшін келісімшарт бойынша әскери қызметке және әскери оқу орындарына түсу кезінде ынталандыру шаралары қарастырылған.