"Үстіне топырақ тастаған": баласын өлтірген бойжеткен сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Жазылу
Сотта айыпталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының Сайрам ауданында жаңа туған нәрестесін өлтірген бойжеткенге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық соттың мәліметінше, ол жүктілігін туыстарынан жасырып, ешбір медициналық мекемеге тіркеуге тұрмаған. 2025 жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданындағы өз үйінде толғатып, аман-есен босанған.
"Тұрғын үйдің әжетханасында босанып, баласын әжетхана шұңқырына тастап, баланың тірі қалуы үшін ешқандай әрекет жасамаған. Нәрестенің денесі көрініп қалмау үшін тас-топырақ араласқан құмды жаңа туған нәрестенің үстіне тастаған", - дейді сот.
Сотта айыпталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады.
Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.
Туалет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Аузына топырақ толтырып, әжетханаға тастаған: 24 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды
Жаңалықтар
0