https://sputnik.kz/20260814/su-unemdeudi-uyretetin-zhana-bilim-beru-resursy-azirlenip-zhatyr-65704820.html
Су үнемдеуді үйрететін жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр
Су үнемдеуді үйрететін жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген 14.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-14T08:50+0500
2026-08-14T08:50+0500
2026-08-14T08:50+0500
ауыз су
оқушы
https://sputnik.kz/img/07ea/08/0e/65703964_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_08de01d432145bcde5e805a71d9dbcad.jpg
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанда "Су сандығы" оқу-әдістемелік ресурсы әзірленіп жатыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.Ол білім беру үдерісінде және балалар және жастармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарда пайдалануға арналған.Материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Оларды педагогтер сабақтарда, экологиялық сағаттарда, сыныптық және сыныптан тыс іс-шараларда пайдалана алады."Су сандығын" толтыру бойынша жұмыс су ресурстары, білім беру және экологиялық ағарту саласындағы мамандардың қатысуымен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта материалдардың басым бөлігі дайын, оларды білім беру ұйымдарына таратуға дайындау жұмыстары аяқталуға жақын.Жұмыстар аяқталғаннан кейін "Су сандығы" ресурсы елдегі білім беру ұйымдарына оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану үшін беріледі.
https://sputnik.kz/20260812/on-zhylday-boldy-aqshi-auylynda-su-maselesi-ali-sheshilgen-zhoq-65634143.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/0e/65703964_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_944ef033f7d29beaacec89546f818544.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыз су, оқушы
Су үнемдеуді үйрететін жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр
Материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанда "Су сандығы" оқу-әдістемелік ресурсы әзірленіп жатыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Ол білім беру үдерісінде және балалар және жастармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарда пайдалануға арналған.
"Ресурсқа тақырыптық оқу материалдары, практикалық тапсырмалар мен жаттығулар, ақпараттық және әдістемелік әзірлемелер, экологиялық ертегілер, сондай-ақ "Су ізі" платформасын қоса алғанда, цифрлық құралдар енгізілген", - деп жазылған хабарламада.
Материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Оларды педагогтер сабақтарда, экологиялық сағаттарда, сыныптық және сыныптан тыс іс-шараларда пайдалана алады.
"Су сандығын" толтыру бойынша жұмыс су ресурстары, білім беру және экологиялық ағарту саласындағы мамандардың қатысуымен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта материалдардың басым бөлігі дайын, оларды білім беру ұйымдарына таратуға дайындау жұмыстары аяқталуға жақын.
"Су сандығы" министрлік жобалары аясында жинақталған экологиялық ағарту және су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған материалдар мен тәжірибелерді біріктірді. Енді бұл білім мен құралдар бір ресурста жинақталып, педагогтерге оларды балалар мен жастармен жұмыс барысында пайдалануға мүмкіндік береді", – деді "Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін "Су сандығы" ресурсы елдегі білім беру ұйымдарына оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану үшін беріледі.