"Санитариялық нормаларды бұзған": Қостанай облысындағы сауықтыру орталығы жабылды

CC0 / cariadfashion0 / Ребенок у открытого окна, архивное фото
Ребенок у открытого окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Жазылу
Жүргізілген тексеру барысында азаматтардың өтінішінде көрсетілген барлық факті расталды
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қостанай облысында санитариялық нормаларды өрескел бұзған "Светофор" балалар сауықтыру орталығының қызметі тоқтатылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"Жүргізілген тексеру барысында мамандар тамақтандыруды ұйымдастыру, сумен қамтамасыз ету, аумақ пен үй-жайлардың санитариялық жай-күйі, сондай-ақ персоналдың міндетті медициналық тексерулерден өту талаптарының бұзылғанын анықтады. Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот орталықтың қызметін тоқтату туралы шешімқабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күші жойылды.
Сонымен қатар министрлік санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру кезінде заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Еске сала кетейік, сауықтыру лагерінің жаға ұстатарлық жағдайы туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын. Онда балалардың жатын орны мен әжетхана түсірілген.
балалар лагері - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Жағдайы жаға ұстатарлық: Қостанайдағы жекеменшік лагерьден шу шықты
Жаңалықтар
0