https://sputnik.kz/20260814/qazaqstandyqtar-koreyada-resmi-turde-zhumys-istey-alady--ministrlik-malimdeme-zhasady-65721008.html
Қазақстандықтар Кореяда ресми түрде жұмыс істей алады – министрлік мәлімдеме жасады
Қазақстандықтар Кореяда ресми түрде жұмыс істей алады – министрлік мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Осыған байланысты министрлік мамандары іріктеуден жедел өткізуді ұсынатын делдалдарға ақша бермеу қажет екендігін ескертеді 14.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-14T15:36+0500
2026-08-14T15:36+0500
2026-08-14T15:36+0500
қазақстан
оңтүстік корея
жұмыс берушілер
https://sputnik.kz/img/481/50/4815082_0:239:2016:1373_1920x0_80_0_0_d64ae5b0580a7ee68831e96d9fdb906f.jpg
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан ресми түрде Оңтүстік Кореяның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған Employment Permit System (EPS) рұқсат беру жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Қазақстан азаматтарын Корея Республикасына 2028 жылдан бастап жұмысқа тарту жоспарланып отыр.Бұған дейін Қазақстанға келген кореялық сарапшылар делегациясы жүйені іске қосуға дайындық деңгейін бағалаған болатын. Атап айтқанда, EPS орталығын құру, корей тілі бойынша тестілеуді ұйымдастыру, кәсіби дағдыларды бағалау, медициналық тексеруден өткізу және азаматтарды Оңтүстік Корея заңнамасының талаптары түсіндіру талаптары тексерілді. Сарапшылар Қазақстанның жүйеге қатысуға толық дайын екенін растады."EPS жүйесіне қатысу Қазақстан азаматтарына мемлекеттер белгілеген рәсімдер шеңберінде Оңтүстік Кореяда ресми түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Жаңа тетіктің басты ерекшелігі сол, жұмысшыларды іріктеу делдалдар арқылы емес, тек ресми жүйе арқылы жүзеге асырылады", - дейді министрлік мамандары.Үміткерлер корей тілі бойынша тест тапсырады. Кәсіби дағдылары да бағаланады. Сосын медициналық тексеріс бар. Жүйеге тіркелу мерзімдері, үміткерлерге қойылатын талаптар, тестілеуден өту тәртібі және өзге де ақпарат министрліктің ресми сайтында жарияланады.Осыған байланысты министрлік мамандары іріктеуден жедел өткізуді ұсынатын делдалдарға ақша бермеу қажет екендігін ескертеді.Айта кетепрі, Қазақстан бөлек Е-9 жүйесіне Филиппин, Моңғолия, Шри-Ланка, Вьетнам, Таиланд, Индонезия, Пәкістан, Камбоджа, Қытай, Бангладеш, Шығыс Тимор, Непал, Мьянма және Лаос қатысады. Орталық Азиядан Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан да қосылған.
https://sputnik.kz/20260422/ontustik-koreyada-zandy-turde-zhumys-isteuge-bolady--ministrlik-tartibin-tusindirdi-62857460.html
қазақстан
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/481/50/4815082_185:0:2016:1373_1920x0_80_0_0_0dc040eeb07cf2f9cf688e8220c8d45f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, оңтүстік корея, жұмыс берушілер
қазақстан, оңтүстік корея, жұмыс берушілер
Қазақстандықтар Кореяда ресми түрде жұмыс істей алады – министрлік мәлімдеме жасады
Осыған байланысты министрлік мамандары іріктеуден жедел өткізуді ұсынатын делдалдарға ақша бермеу қажет екендігін ескертеді
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан ресми түрде Оңтүстік Кореяның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған Employment Permit System (EPS) рұқсат беру жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан азаматтарын Корея Республикасына 2028 жылдан бастап жұмысқа тарту жоспарланып отыр.
"Оған дейін үкіметаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою, сондай-ақ Қазақстанда корей тілінен тестілеу өткізетін EPS-TOPIK орталығын ашу сияқты бірқатар ұйымдастыру шараларын аяқтау қажет", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанға келген кореялық сарапшылар делегациясы жүйені іске қосуға дайындық деңгейін бағалаған болатын. Атап айтқанда, EPS орталығын құру, корей тілі бойынша тестілеуді ұйымдастыру, кәсіби дағдыларды бағалау, медициналық тексеруден өткізу және азаматтарды Оңтүстік Корея заңнамасының талаптары түсіндіру талаптары тексерілді. Сарапшылар Қазақстанның жүйеге қатысуға толық дайын екенін растады.
"EPS жүйесіне қатысу Қазақстан азаматтарына мемлекеттер белгілеген рәсімдер шеңберінде Оңтүстік Кореяда ресми түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Жаңа тетіктің басты ерекшелігі сол, жұмысшыларды іріктеу делдалдар арқылы емес, тек ресми жүйе арқылы жүзеге асырылады", - дейді министрлік мамандары.
Үміткерлер корей тілі бойынша тест тапсырады. Кәсіби дағдылары да бағаланады. Сосын медициналық тексеріс бар. Жүйеге тіркелу мерзімдері, үміткерлерге қойылатын талаптар, тестілеуден өту тәртібі және өзге де ақпарат министрліктің ресми сайтында жарияланады.
Осыған байланысты министрлік мамандары іріктеуден жедел өткізуді ұсынатын делдалдарға ақша бермеу қажет екендігін ескертеді.
Айта кетепрі, Қазақстан бөлек Е-9 жүйесіне Филиппин, Моңғолия, Шри-Ланка, Вьетнам, Таиланд, Индонезия, Пәкістан, Камбоджа, Қытай, Бангладеш, Шығыс Тимор, Непал, Мьянма және Лаос қатысады. Орталық Азиядан Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан да қосылған.