Екібастұзда ер адам полиция бөлімшесінде көз жұмды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Жазылу
Желіде марқұмның туыстарының видеосы тарады
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында ер адам полиция бөлімшесінде белгісіз жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полицияға сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 11 тамызда Екібастұз полициясына үй ауласында мас ер адам әйелді қорқытып жүргені туралы шақырту түскен. Полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды ұстап, бөлімшеге жеткізген.
"Ер адам бұрын сотталған және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Құқық бұзушы арнайы бөлмеге орналастырылды. Біраз уақыттан кейін ол ес-түссіз күйде табылды. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ер адам қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Бейнежазбалар тәркіленді.
Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2021
Оқиға
Шымкентте полиция бөлімінде күтпеген оқиға болды
Жаңалықтар
0