Астанада қайтарылған активтер есебінен 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынады

© Sputnik / Владислав ВодневШкола, архивное фото
Школа, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Жазылу
Жобаны келер жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады, деп хабарлады үкімет.
Осы мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге бөлінді.
"1200 оқушыға арналған жаңа білім беру нысаны елорданың "Нұра" ауданында бой көтереді. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны келер жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта құрылыс аумағында 4 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, алайда оқушы орындарының тапшылығы бар. Жаңа нысан елордадағы №84, №85, №89 және №97 мектептерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Жалпы үкімет 610 млрд теңгеден астам сомаға 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қаражат бүкіл ел бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бөлініп жатыр.
Білім беру саласында жалпы құны 64,4 млрд теңге болатын 17 жобаны жүзеге асыру мақұлданды.
Арқалық әуежайы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Қайтарылған активтер есебінен Арқалық әуежайы жаңартылып жатыр
Жаңалықтар
0