https://sputnik.kz/20260814/aqsh-khalyqaralyq-qylmystyq-sotty-tolygymen-taratpaqshy---rubio-65789575.html
АҚШ Халықаралық қылмыстық сотты толығымен таратпақшы - Рубио
АҚШ Халықаралық қылмыстық сотты толығымен таратпақшы - Рубио
Sputnik Қазақстан
Ол АҚШ одақтастарын шетте қалмауға және Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы бұл науқанға күш біріктіруге шақырды 14.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-14T21:03+0500
2026-08-14T21:03+0500
2026-08-18T10:43+0500
ақш
сот
хатшы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/04/60931121_0:0:3094:1740_1920x0_80_0_0_d90287beaea438fa3b9e93620e9fba8d.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. АҚШ Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) егемендікке қауіп төндіреді деп санайтындықтан, оны толығымен таратпақшы, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Substack порталындағы мақаласында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Сонымен қатар, Рубио АҚШ одақтастарын шетте қалмауға және Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы бұл науқанға күш біріктіруге шақырды.Рубионың айтуынша, ХҚС-ны АҚШ-қа деген дұшпандықпен біріккен "солшыл үкіметтік емес ұйымдар, өзімшіл жаһанданушылар және үшінші әлемнің тату емес үкіметтері" желісімен басқарады.Сонымен қатар ХҚС билікті тартып алуға тырысу және өзін АҚШ Конституциясы мен америкалық сот жүйесінен жоғары қою арқылы америкалық сарбаздарға, шекарашыларға және саясаткерлерге қауіп төндіреді, деп жазды мақалада АҚШ дипломатиясының басшысы.Айта кетері, Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) құзыретін әлем халқының жартысынан көбі тұратын елдер мойындамайды.
https://sputnik.kz/20251205/khalyqaralyq-qylmystyq-sot-qyzmetkeri-qaruly-topty-qarzhylandyrgan---is-materialynan-59388394.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/04/60931121_245:0:2976:2048_1920x0_80_0_0_49bd66c263c3b08f748973e553cf9dd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, сот, хатшы
АҚШ Халықаралық қылмыстық сотты толығымен таратпақшы - Рубио
21:03 14.08.2026 (жаңартылды: 10:43 18.08.2026) Ол АҚШ одақтастарын шетте қалмауға және Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы бұл науқанға күш біріктіруге шақырды
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. АҚШ Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) егемендікке қауіп төндіреді деп санайтындықтан, оны толығымен таратпақшы, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Substack порталындағы мақаласында. Бұл туралы
РИА Новости хабарлады.
"АҚШ мәні қарапайым дипломатиялық науқан бастап жатыр: егемен мемлекеттер жаһанданудан жоғары тұрады... Бұл тек бастамасы. Үкіметіміздің қолындағы барлық құралды пайдаланып және ортақ тіл таба алатын әрбір одақтасымен иық тіресе жұмыс істей отырып, қажет болған жағдайда Халықаралық қылмыстық сотты "кірпіштеп" таратамыз", - деді Рубио мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, Рубио АҚШ одақтастарын шетте қалмауға және Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы бұл науқанға күш біріктіруге шақырды.
Рубионың айтуынша, ХҚС-ны АҚШ-қа деген дұшпандықпен біріккен "солшыл үкіметтік емес ұйымдар, өзімшіл жаһанданушылар және үшінші әлемнің тату емес үкіметтері" желісімен басқарады.
Сонымен қатар ХҚС билікті тартып алуға тырысу және өзін АҚШ Конституциясы мен америкалық сот жүйесінен жоғары қою арқылы америкалық сарбаздарға, шекарашыларға және саясаткерлерге қауіп төндіреді, деп жазды мақалада АҚШ дипломатиясының басшысы.
Айта кетері, Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) құзыретін әлем халқының жартысынан көбі тұратын елдер мойындамайды.