https://sputnik.kz/20260813/zharty-zhylda-23-millionnan-astam-adam-onkoskriningten-otti-65628424.html
Жарты жылда 2,3 миллионнан астам адам онкоскринингтен өтті
Жарты жылда 2,3 миллионнан астам адам онкоскринингтен өтті
Sputnik Қазақстан
Онкологиялық ауру ерте кезеңде айқын білінбеуі мүмкін, сондықтан скринингтен өту маңызды, дейді дәрігерлер 13.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-13T08:00+0500
2026-08-13T08:00+0500
2026-08-13T08:00+0500
онкология
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/03/59315821_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_80acf3607e619a29470923468a7fe03f.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы алты айында 2,3 миллионнан астам қазақстандық онкоскринингтен өтті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.Қазақстанда нысаналы топтардың арасында сүт безі обырын, жатыр мойны обырын және колоректалдық обырды ерте анықтауға бағытталған онкологиялық скринингтің үш түрі тегін жүргізіледі.2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 362 568 адам тексеруден өтті.Скрининг нәтижелері бойынша:Ведомствоның мәліметінше егер скрининг барысында адамнан күмәнді өзгерістер анықталса, бұл оның обырға шалдыққанын білдірмейді. Пациент қосымша диагностикалық тексеруге жіберіледі. Тек толық тексеруден кейін ғана дәрігерлер аурудың бар-жоғын растайды немесе жоққа шығарады.Айта кетері, кейінгі бес жылдың ішінде 14 млн-нан астам адам онкологиялық скринингтен өтті, ал халықты жыл сайын қамту көрсеткіші 13,5%-ға артты.
https://sputnik.kz/20240924/zhatyr-moyny-obyryna-shaldyqqan-ayelderdin-74-payyzynda-adam-papillomasy-virusy-anyqtaldy-47320511.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/03/59315821_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_65e5a92b01bec3dd02a84a2e8ef556ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
онкология, денсаулық сақтау министрлігі
онкология, денсаулық сақтау министрлігі
Жарты жылда 2,3 миллионнан астам адам онкоскринингтен өтті
Онкологиялық ауру ерте кезеңде айқын білінбеуі мүмкін, сондықтан скринингтен өту маңызды, дейді дәрігерлер
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы алты айында 2,3 миллионнан астам қазақстандық онкоскринингтен өтті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда нысаналы топтардың арасында сүт безі обырын, жатыр мойны обырын және колоректалдық обырды ерте анықтауға бағытталған онкологиялық скринингтің үш түрі тегін жүргізіледі.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 362 568 адам тексеруден өтті.
Скрининг нәтижелері бойынша:
сүт безі обырының 1 238 жағдайы;
колоректалдық обырдың 372 жағдайы;
жатыр мойны обырының 227 жағдайы расталды.
Ведомствоның мәліметінше егер скрининг барысында адамнан күмәнді өзгерістер анықталса, бұл оның обырға шалдыққанын білдірмейді. Пациент қосымша диагностикалық тексеруге жіберіледі. Тек толық тексеруден кейін ғана дәрігерлер аурудың бар-жоғын растайды немесе жоққа шығарады.
"Тұрақты тексерулер қауіпті өзгерістерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. 2021–2025 жылдары Қазақстанда III–IV сатыда анықталған онкологиялық аурулардың үлесі 34,9%-дан 32%-ға дейін төмендеді", - дейді мамандар.
Айта кетері, кейінгі бес жылдың ішінде 14 млн-нан астам адам онкологиялық скринингтен өтті, ал халықты жыл сайын қамту көрсеткіші 13,5%-ға артты.