Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский қыстан шығу үшін АҚШ-та бар Patriot оқ-дәрілерінің 5 пайызын сұрады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуДональд Трамп и Владимир Зеленский, архивное фото
Дональд Трамп и Владимир Зеленский, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Жазылу
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. АҚШ өзінде бар Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған оқ-дәрілердің бес пайызын берсе, Украина қыстан шығады. Бұл туралы Украина басшысы Владимир Зеленский CNN-ге берген сұхбатында мәлімдеді.
"Зымыран алу үшін қандай да бір келісімге келуге тырысып жатырмын", – деді ол.
Бұған дейін Financial Times Трамп Зеленскийдің Patriot жүйелеріне арналған тосқауылдаушы зымырандарды беру туралы өтінішінен бас тартқанын хабарлаған. Ақ үй басшысы бұл шешімін зымыран тапшылығымен байланыстырып түсіндірді.
12 тамызда Reuters Трамп бұл келісімге қатысты күмән келтіргеніне қарамастан, АҚШ-та Украинаға Patriot жүйелеріне арналған зымырандарды өндіруге лицензия беру мәселесі талқыланып жатқанын хабарлады.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп: ЕО АҚШ-тан сатып алған жауынгерлік ұшақтарды Украинаға беруі мүмкін
Жаңалықтар
0