Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

© Федерация велоспорта КазахстанаВеложарыс
Веложарыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Жазылу
Жарысқа 20-дан астам елден 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Велоспорттан әлем чемпионатына байланысты Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлады қалалық әкімдік.
16 тамызда Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан Gran Fondo World Championship әлем чемпионатының өтуіне байланысты әл-Фараби даңғылының кей жерінде көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді.
Жол қозғалысындағы өзгерістер:
Сағат 05:30-дан 06:40-қа дейін әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар тас жолына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Сағат 05:30-дан 10:30-ға дейін Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Бұл шаралар жарысқа қатысушылар мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Жүргізушілерден өзгерістерді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Еске салайық, 16 тамызда Алматыда Gran Fondo World Championship өтеді. Жарысқа 20-дан астам елден 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады. Қатысушылар үшін 95, 50 және 37 шақырымдық қашықтық бойынша сынға түседі.
Алматыда алғаш рет Almaty Glow Ride атты ауқымды түнгі велошеру өтті. - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2026
Алматыдағы алғашқы түнгі велошеру қалай өтті
Жаңалықтар
0