https://sputnik.kz/20260813/ukraina-zymyrandardyn-qanshasy-atyp-tusirilgeni-turaly-aqparatty-endi-zhariyalamaydy-65675594.html
Украина зымырандардың қаншасы атып түсірілгені туралы ақпаратты енді жарияламайды
Украина зымырандардың қаншасы атып түсірілгені туралы ақпаратты енді жарияламайды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін зымырандардың түрі мен саны туралы хабарламалар күн сайын таңертең жарияланып отырған 13.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-13T08:58+0500
2026-08-13T08:58+0500
2026-08-13T08:58+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23572317_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_e09d2cf656fd38b02cdb9afd20cb605a.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Украина әуе күштерінің өкілі Юрий Игнат бұдан былай украиналық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері атып түсірген немесе атып түсіре алмаған зымырандардың саны туралы деректі таратпайтынын мәлімдеді.Соңғы рет Украина қарулы күштерінің әуе күштері ресейлік зымырандардың ұшырылған және атып түсірілген саны туралы мәліметті 8 тамызда жариялаған. Бұған дейін зымырандардың түрі мен саны туралы хабарламалар Telegram каналда күн сайын таңертең жарияланып отырған. Енді тек ресейлік оқ-дәрілердің түрлері ғана аталып, олардың саны көрсетілмейді. Зымырандардың сәтті атып түсірілгені туралы да мәлімет берілмейді.Оның айтуынша, әуе күштерінің қолбасшылығы бұқаралық ақпарат құралдарына жалпылама ақпарат береді."Мысалы, 2026 жылдың шілдесінде жау әртүрлі типтегі 450-ден астам зымыран қолданды, олардың 200-ге жуығы баллистикалық траектория бойынша шабуыл жасайтын зымырандар", – деп түсіндірді Игнат.
https://sputnik.kz/20260807/tramp-ozimizge-de-zymyran-qazhet-65540278.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23572317_339:0:3000:1996_1920x0_80_0_0_9aa194b2b45ef2576868d024164dacee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина зымырандардың қаншасы атып түсірілгені туралы ақпаратты енді жарияламайды
Бұған дейін зымырандардың түрі мен саны туралы хабарламалар күн сайын таңертең жарияланып отырған
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Украина әуе күштерінің өкілі Юрий Игнат бұдан былай украиналық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері атып түсірген немесе атып түсіре алмаған зымырандардың саны туралы деректі таратпайтынын мәлімдеді.
Соңғы рет Украина қарулы күштерінің әуе күштері ресейлік зымырандардың ұшырылған және атып түсірілген саны туралы мәліметті 8 тамызда жариялаған. Бұған дейін зымырандардың түрі мен саны туралы хабарламалар Telegram каналда күн сайын таңертең жарияланып отырған. Енді тек ресейлік оқ-дәрілердің түрлері ғана аталып, олардың саны көрсетілмейді. Зымырандардың сәтті атып түсірілгені туралы да мәлімет берілмейді.
"Әскери басшылық жаппай шабуылдар кезінде жаудың баллистикалық зымырандарына қатысты таңертеңгі хабарламаларға белгілі бір өзгерістер (шектеулер) енгізу туралы шешім қабылдады. Яғни ұшырылған, атып түсірілген, залалсыздандырылған немесе нысанаға жеткен зымырандардың саны енді көрсетілмейді", – деп жазды Игнат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, әуе күштерінің қолбасшылығы бұқаралық ақпарат құралдарына жалпылама ақпарат береді.
"Мысалы, 2026 жылдың шілдесінде жау әртүрлі типтегі 450-ден астам зымыран қолданды, олардың 200-ге жуығы баллистикалық траектория бойынша шабуыл жасайтын зымырандар", – деп түсіндірді Игнат.