https://sputnik.kz/20260813/qazaqstanda-qant-ondirisi-boyynsha-importqa-taueldilik-saqtalyp-otyr-65700639.html
Елде қант өндірісі бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр
Елде қант өндірісі бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр
Sputnik Қазақстан
2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтағы қанттың 70,4%-ы импортқа тиесілі 13.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-13T20:45+0500
2026-08-13T20:45+0500
2026-08-13T21:04+0500
қант
өндіріс
импорт
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57790022_0:199:960:739_1920x0_80_0_0_64288bb6b84dc93b37af8a57bf2ee184.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы қант нарығына талдау жүргізуді аяқтады.2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтағы қанттың 70,4%-ы импортқа, ал 29,6%-ы отандық өндіріске тиесілі болды. Бұл қант саласының импортқа тәуелділігі сақталып отырғанын көрсетеді.Сонымен қатар талдау барысында шикізат базасы мен қайта өңдеу қуаттарын дамыту арасындағы теңгерімсіздік, сондай-ақ биржалық сауданы бақылауды күшейту және қанттың реэкспортын мониторингтеу қажеттігі анықталды.Сондай-ақ мемлекеттік органдарға отандық өндірісті және шикізат базасын дамыту, ұзақ мерзімді келісімшарттар енгізу және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін төмендету бойынша ұсыныстар жолданды.
https://sputnik.kz/20260608/biyl-kartop-pen-qant-qansha-gektar-aumaqqa-egildi-63985917.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57790022_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_5127132fe47daf16d0e013b0208859ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант, өндіріс, импорт
Елде қант өндірісі бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр
20:45 13.08.2026 (жаңартылды: 21:04 13.08.2026) 2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтағы қанттың 70,4%-ы импортқа тиесілі
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы қант нарығына талдау жүргізуді аяқтады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтағы қанттың 70,4%-ы импортқа, ал 29,6%-ы отандық өндіріске тиесілі болды. Бұл қант саласының импортқа тәуелділігі сақталып отырғанын көрсетеді.
Сонымен қатар талдау барысында шикізат базасы мен қайта өңдеу қуаттарын дамыту арасындағы теңгерімсіздік, сондай-ақ биржалық сауданы бақылауды күшейту және қанттың реэкспортын мониторингтеу қажеттігі анықталды.
"Талдау қорытындысы бойынша агенттік қантты көтерме саудада өткізетін субъектілерге монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша 9 хабарлама енгізді", - деп хабарлады агенттікте.
Сондай-ақ мемлекеттік органдарға отандық өндірісті және шикізат базасын дамыту, ұзақ мерзімді келісімшарттар енгізу және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін төмендету бойынша ұсыныстар жолданды.