Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Жазылу
Финалда Рыбакина польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффты жеңді.
Матч 2 сағат 2 минутқа созылып, 5:7, 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.
Елена бес эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Финалда Рыбакина әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі. Жартылай финалда ол украиналық Элина Свитолинаны жеңді.
Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2026
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде жеңіске жетті
Жаңалықтар
0