https://sputnik.kz/20260813/elde-tamaqtan-ulanu-zhagdaylary-tort-esege-azaydy-65697973.html
Елде тамақтан улану жағдайлары төрт есеге азайды
Елде тамақтан улану жағдайлары төрт есеге азайды
Sputnik Қазақстан
2025 жылдың жеті айында 8 жағдай тіркеліп, 118 бала зардап шеккен 13.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-13T17:32+0500
2026-08-13T17:32+0500
2026-08-13T17:33+0500
министрлік
тамақ
улану
https://sputnik.kz/img/1136/82/11368213_0:36:1281:756_1920x0_80_0_0_b260f164976ff7bec4339f9b64273f8f.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдың жеті айында білім беру нысандарына байланысты тіркелген тамақтан улану жағдайларының саны төрт есеге азайды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.Министрлік хабарлауынша, мұндай нәтижеге балалар болатын нысандарға мемлекеттік бақылауды күшейту нәтижесінде қол жеткізілді.Маңғыстау облысындағы білім беру нысандарында тамақтан уланумен байланысты топтық ауру жағдайларынан кейін мемлекет балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған қосымша шаралар кешенін қабылдады.2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балалар болатын нысандарға мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін көздейтін заңның қолданысқа енгізілуі санитариялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейтуге және ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға мүмкіндік берді.2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында Тамақтану стандарты және бірнеше нұсқадан тұратын үлгілік перспективалық мәзір қолданылады, дейді министолікте.Құжаттар балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануының заманауи қағидаттарын ескере отырып әзірленген. Бұл ретте өнімдердің қауіпсіздігіне, оларды сақтау және дайындау жағдайларына ерекше назар аударылады.
https://sputnik.kz/20260622/aqtobe-oblysynda-meyramkhanada-100-den-astam-adam-astan-ulanyp-qaldy--64330891.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1136/82/11368213_63:0:1204:856_1920x0_80_0_0_4b714012789cb314a59854d0af995e47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, тамақ, улану
Елде тамақтан улану жағдайлары төрт есеге азайды
17:32 13.08.2026 (жаңартылды: 17:33 13.08.2026) 2025 жылдың жеті айында 8 жағдай тіркеліп, 118 бала зардап шеккен
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдың жеті айында білім беру нысандарына байланысты тіркелген тамақтан улану жағдайларының саны төрт есеге азайды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік хабарлауынша, мұндай нәтижеге балалар болатын нысандарға мемлекеттік бақылауды күшейту нәтижесінде қол жеткізілді.
"2025 жылдың жеті айында 8 жағдай тіркеліп, 118 бала зардап шеккен. 2026 жылдың осы кезеңінде 2 жағдай тіркеліп, 13 бала зардап шекті", - деп жазылған хабарламада.
Маңғыстау облысындағы білім беру нысандарында тамақтан уланумен байланысты топтық ауру жағдайларынан кейін мемлекет балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған қосымша шаралар кешенін қабылдады.
2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балалар болатын нысандарға мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін көздейтін заңның қолданысқа енгізілуі санитариялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейтуге және ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға мүмкіндік берді.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында Тамақтану стандарты және бірнеше нұсқадан тұратын үлгілік перспективалық мәзір қолданылады, дейді министолікте.
Құжаттар балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануының заманауи қағидаттарын ескере отырып әзірленген. Бұл ретте өнімдердің қауіпсіздігіне, оларды сақтау және дайындау жағдайларына ерекше назар аударылады.