"ДӨО алқабының" алғашқы нысаны Павлодар облысында 2027 жылғы маусымда іске қосылады

© Пресс-служба правительства КазахстанаОлжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді
Олжас Бектенов ДӨО алқабы жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Жазылу
Қазақстанда жалпы қуаты 1 ГВт-қа дейінгі Data Center Valley жобасы жүзеге асырылып жатыр
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Үкіметте "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" (Data Center Valley) жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды.
"Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" Павлодар облысында салынады. Қуаты 50 МВт болатын "ДӨО алқабының" бірінші нысанының құрылысы белсенді кезеңде жүріп жатыр, - деп атап өтті жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Энергия орталықтары мен AI-фабрикалардың ғимараттарына арналған қазаншұңқырларды әзірлеу жұмыстары 90%-ға аяқталды. Энергия орталықтарының іргетасын қалау басталды, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар салынуда.
© Пресс-служба правительства КазахстанаОлжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді
Премьер Казахстана Олжас Бектенов провел совещание по проекту Долина ЦОДов - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Олжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді
2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін дата-орталық пен энергоблоктардың, әкімшілік-тұрмыстық кешеннің, бақылау-өткізу пункттерінің негізгі корпустары және сыртқы инженерлік желілердің бір бөлігі тұрғызылады. Іске қосу-жөндеу жұмыстары 2027 жылдың мамыр айында аяқталады. Бірінші нысанды пайдалануға беру 2027 жылғы маусымға жоспарланған.
© Пресс-служба правительства КазахстанаОлжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді
Премьер Казахстана Олжас Бектенов провел совещание по проекту Долина ЦОДов - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Олжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді
Сонымен қатар алаңның инженерлік инфрақұрылымы дамып жатыр. Жобаны энергиямен жабдықтау үшін қуаты 215 МВт болатын қосалқы станса сатып алынды, сумен жабдықтау желілерінің жобасы әзірленіп, телекоммуникациялық инфрақұрылымды жобалау жұмыстары жүргізілуде.
"Құрылыс алаңында жұмыстардың барысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік беретін онлайн-бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Data Center Valley-дің ұзақмерзімді энергетикалық әлеуеті жалпы қуатты кезең-кезеңімен 1 ГВт-қа дейін арттыруды көздейді", – деп атап өтті министр.
Жоба деректер орталықтарын, AI-фабрикаларды, GPU-кластерлерді және халықаралық гиперскейлерлердің бұлтты платформаларын орналастыруға арналған, кейіннен кеңейту мүмкіндігі бар ауқымды алаң құруды көздейді. Оның жүзеге асырылуы Қазақстанда цифрлық экономиканың экспортқа бағдарланған жаңа секторын қалыптастырып, жасанды интеллект саласындағы отандық шешімдерді әзірлеуге қажетті IT-инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.
Жаслан Мадиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Жаслан Мәдиев
"Data Center Valley Қазақстанның жаңа экспорттық әлеуетін қалыптастырады. Есептеу қуаттарын ел ішінде орналастыра отырып, біз отандық AI-шешімдерді дамытуға, жаһандық компанияларды тартуға және Қазақстанның халықаралық цифрлық қызметтер нарығына шығуына жағдай жасаймыз", – деді Жаслан Мәдиев.
Қазір Data Center Valley базасында жасанды интеллектіні, бұлтты технологияларды және жаңа буынның цифрлық сервистерін дамытуға арналған заманауи экожүйе құрылып жатыр. Сонымен қатар қосымша IT-қуаттарды құру бойынша бірқатар шетелдік компаниямен ынтымақтастық пысықталуда.
© Пресс-служба правительства КазахстанаОлжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді
Премьер Казахстана Олжас Бектенов провел совещание по проекту Долина ЦОДов - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Олжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді
Келіссөздер жаңа инвесторлар мен негізгі клиенттерді тарту, өнімділігі жоғары есептеу кластерлерін орналастыру және бұлтты сервистерді дамыту мәселелерін де қамтиды.
"Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – бірінші нысанның құрылысын 2027 жылдың маусым айында аяқтау. Сонымен қатар клиенттер тарапынан расталған сұранысты ескере отырып, кампус қуатын кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік беретін инженерлік негіз құрып жатырмыз", – деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Багдат Мусин - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Бағдат Мусин
Бұдан бөлек, үкіметте шет мемлекеттердің деректерін олардың толық заңды егемендігін сақтай отырып, Қазақстан аумағында орналастыру мүмкіндігін көздейтін Cloud First Policy (Data Embassy) жобасын дайындау барысы қаралды.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасының маңыздылығын атап өтті. Data Center Valley жобасын жүзеге асыру Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтып, жасанды интеллектіні дамытуға қажетті инфрақұрылымдық негіз қалыптастырады және еліміздің жаһандық есептеу қуаттары нарығындағы рөлін арттырады.
"ДӨО алқабы" жобасы – ірі инфрақұрылымдық жоба ғана емес, еліміздің одан әрі технологиялық дамуының негізі. Оны жүзеге асыру Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Жасанды интеллект пен бұлтты сервистердің қуатты базасын қалыптастыру бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік AI-хаб ретіндегі рөлін күшейтеді. Жобаны уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет, бұл үшін барлық жағдай жасалған", – деді Олжас Бектенов.
Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құрылыс жұмыстарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа серіктестер тарту үшін шетелдік технологиялық компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Жаңалықтар
0