Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр - тексеру нәтижесі қандай

© Sputnik / Санат ИмангалиевӨзен
Өзен - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Жазылу
Әлеуметтік желіде тараған видео қала тұрғындарын алаңдатқан болатын
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр деген ақпаратқа байланысты экологтар тексеріс жүргізді.
Әлеуметтік желіде тараған видео қала тұрғындарын алаңдатқан болатын.
Қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті зертханалық тексеру үшін су сынамасын алған.
"Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұл жер суару суын тасымалдауға және жер үсті ағындарын ағызуға арналған негізгі дренаждық каналдың бөлігі болып табылады", - делінген мәлімдемеде.
Жиналған су сынамасы ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясынан асып кетпегенін көрсеткен.
Астанада Есіл өзенін тазарту бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр
Жаңалықтар
0