Жыл басынан бері кәсіпорындарда 727 жұмысшы өндірістік жарақат алған

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Жазылу
Зардап шеккен жұмысшылар саны артып келеді
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті 500 мыңнан астам жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды күшейту жөнінде ұсыным жолдады.
Еңбек министрлігінің мәліметінше 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кәсіпорындарда 727 жұмыскер зардап шеккен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 24,5%-ға өсіп отыр. Бұл ретте ауыр жарақат алған жұмыскерлер саны 409-дан 476 адамға дейін, яғни 16,4%-ға артқан.
"Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын талдау көрсеткендей, өндірістік жарақаттанудың негізгі себептеріне жұмыстарды қауіпсіз орындауды ұйымдастырудың жеткіліксіздігі, қауіпсіздік талаптарының сақталуына тиісті бақылаудың болмауы, ақаулы жабдықтарды пайдалану, сондай-ақ қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізу талаптарының бұзылуы жатады", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, жазатайым оқиғалардың орын алуына нұсқама беру мен жұмыскерлерді оқытуға формалды түрде қарау, жеке қорғаныш құралдарымен қамтымау немесе оларды қолданбау, сондай-ақ жұмыс орындарының жай-күйіне бақылаудың жеткіліксіздігі ықпал етеді.
Заңнамаға сәйкес, 18 жасқа толмаған адамдарды ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ түнгі және үстеме жұмыстарға тартуға қатаң шектеу қойылған. Кәмелетке толмағандар үшін жұмыс уақыты қысқартылған.
"Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға болған жағдайда, жұмыс беруші зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуге, егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, оқиға орнындағы жағдайды сол күйінде сақтауға, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді қамтамасыз етуге міндетті", - дейді мамандар.
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы жұмыс беруші бір тәулік ішінде мемлекеттік еңбек инспекциясының тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлауға міндетті.
Промышленность  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Министр өлім мен жарақат жиі болатын салаларды атады
Жаңалықтар
0