Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Вэнс Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасауды тоқтатуға шақырды – БАҚ

© Пресс-служба Каспийского трубопроводного консорциумаТанкер и ВПУ на морском терминале КТК
Танкер и ВПУ на морском терминале КТК - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Жазылу
Зеленский мен Вэнс бұл мәселені телефон арқылы талқылағаннан кейін Киев консорциум терминалы маңындағы танкерлерге соққы жасамаған
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Украина президенті Владимир Зеленскийді Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) нысандарына шабуыл жасауды тоқтатуға шақырды, деп жазды Financial Times басылымы.
Бұған дейін Вашингтон Киевті Қара теңізде Ресейге қатысы жоқ танкерлер мен Қазақстан мұнайын экспорттауға пайдаланылатын КҚК инфрақұрылымына соққы бермеуге көндіргені хабарланған болатын.
"Украина өткен айдың соңында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің өтінішінен кейін Қара теңіздегі маңызды портты пайдаланатын мұнай танкерлеріне дронмен қарқынды шабуыл жасау науқанын тоқтатты. АҚШ әкімшілігі Украинаны Қара теңіздегі ресейлік емес кемелерге шабуыл жасауды тоқтатуға шақырды", – делінген Blooomberg мақаласында.
Басылымның хабарлауынша, әңгіме КҚК инфрақұрылымына зиян келтіруден бас тарту туралы да болған.
Financial Times мәліметінше, Зеленский мен Вэнс бұл мәселені 31 шілдедегі телефон арқылы сөйлесу кезінде талқылағаннан кейін Киев консорциум терминалы маңындағы танкерлерге соққы жасамаған.
КҚК мұнай құбыры жүйесі – Каспий өңірінен мұнайды әлемдік нарықтарға жеткізетін ең ірі бағыт және Қазақстан үшін мұнай экспорттаудың негізгі маршруты. Қазақстан экспортының 80%-дан астамы осы бағытқа тиесілі.
Консорциумның ірі акционерлері қатарында Ресей ("Транснефть" арқылы), Қазақстан ("ҚазМұнайГаз" арқылы), сондай-ақ Chevron, "Лукойл", ExxonMobil, "Роснефть" пен Shell бірлескен кәсіпорнының құрылымдары бар.
Тимур Сүлейменов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
КҚК арқылы мұнай тасымалының тоқтауы теңге бағамына әсер етпейді - Сүлейменов
Жаңалықтар
0