https://sputnik.kz/20260812/qazaqstandyq-ondirushilerge-eaeo-memlekettik-satyp-alularyna-qatysu-zhenildeydi-65624042.html
Қазақстандық өндірушілерге ЕАЭО мемлекеттік сатып алуларына қатысу жеңілдейді
Қазақстандық өндірушілерге ЕАЭО мемлекеттік сатып алуларына қатысу жеңілдейді
Sputnik Қазақстан
Сараптама актілері қазақстандық тауарларды ЕАЭО елдері өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізіліміне енгізуге негіз болады 12.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-12T14:00+0500
2026-08-12T14:00+0500
2026-08-12T14:00+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/06/84/068482_0:0:2200:1239_1920x0_80_0_0_873907d88b811a7ae70ee56d58f65cda.jpg
АСТАНА, 12 тамыз — Sputnik. Қазақстанда тауардың шыққан елін анықтау және тиісті сараптама актісін беру тәртібін бекіту жоспарланып отыр.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің "Тауардың шыққан елін анықтау бойынша сараптама жүргізу, тауардың шыққан жері туралы сараптама актісін беру және оның қолданысын жою қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.Құжатта тауардың шыққан елін анықтау бойынша сараптама жүргізу, тауардың шыққан жері туралы сараптама актілерін беру және сақтау, сондай-ақ олардың күшін жою тәртібі айқындалады.Берілетін сараптама актілері қазақстандық тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізіліміне енгізуге негіз болады.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл қазақстандық өндірушілерге ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.Бұйрық жобасы 2026 жылғы 24 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
https://sputnik.kz/20260811/eaeo-aumagynda-1-qantardan-bastap-elektrondy-sauda-erezhesi-birizdendiriledi-65597517.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/06/84/068482_163:0:2134:1478_1920x0_80_0_0_01fd3baab5bd6e1485f6d0fb78629f17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстандық өндірушілерге ЕАЭО мемлекеттік сатып алуларына қатысу жеңілдейді
Сараптама актілері қазақстандық тауарларды ЕАЭО елдері өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізіліміне енгізуге негіз болады
АСТАНА, 12 тамыз — Sputnik. Қазақстанда тауардың шыққан елін анықтау және тиісті сараптама актісін беру тәртібін бекіту жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің "Тауардың шыққан елін анықтау бойынша сараптама жүргізу, тауардың шыққан жері туралы сараптама актісін беру және оның қолданысын жою қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Құжатта тауардың шыққан елін анықтау бойынша сараптама жүргізу, тауардың шыққан жері туралы сараптама актілерін беру және сақтау, сондай-ақ олардың күшін жою тәртібі айқындалады.
Берілетін сараптама актілері қазақстандық тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізіліміне енгізуге негіз болады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл қазақстандық өндірушілерге ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Бұйрық жобасы 2026 жылғы 24 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.