Алматыда әйелді автобус қағып кетті

© Sputnik / СтрингерАлматыдағы автобус
Алматыдағы автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Жазылу
Салдарынан ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Алматыда 30 жастағы әйелді автобус қағып өлтірді.
Қайғылы жағдай бүгін Бостандық ауданында болған.
Полиция мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Ал әйел жолды шығыс бағытта кесіп өтіп бара жатқан.
Сол сәтте оны автобус қаққан. Салдарынан ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Пассажирский автобус столкнулся с иномаркой в Алматы: пострадали три человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Алматыда автобус жол апатына түсті
Жаңалықтар
0