Жағдайы ауыр: Астанада футбол алаңында баланың үстіне қақпа құлады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивное фото игры в футбол
Архивное фото игры в футбол - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
Оқиға Қазақстан футбол федерациясына қарайтын ойын алаңында болған
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы Астанадағы футбол алаңында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 2017 жылы туған баланың басына темір қақпаның құлағаны туралы ақпарат тараған. Ойын алаңы Қазақстанның футбол федерациясына қарайды делінген. Федерация осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Қазақстан футбол федерациясы 10 тамыз күні Астанадағы футбол алаңында болған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдіреді. Алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу кезінде футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Федерация балаға және оның отбасына қолдау білдіреміз деп отыр.
"Бұл футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген. Қазіргі уақытта ҚФФ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен құрал-жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізіп жатыр", - дейді федерация мамандары.
Жарақат алған баланың жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр.
Футбольные ворота - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2024
Ақтауда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады: оқиғаның мән-жайы
Жаңалықтар
0