Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаға Patriot зымырандары өндірісін іске қосуға бірнеше жыл қажет болады – БАҚ

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуРакеты Patriot
Ракеты Patriot  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
Алайда одақтастар Украинаға өз қорларындағы зымырандарды беруі мүмкін
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Украинаға АҚШ лицензия берген жағдайда, Patriot тосқауылдаушы зымырандар өндірісін іске қосуға бірнеше жыл қажет болуы мүмкін, деп жазды британдық Financial Times газеті.
"Украинаға қажетті технологияларды алып, зымыран өндірісіне арналған толыққанды жеткізу жүйесін құруға бірнеше жыл кетуі мүмкін. Сондықтан бұл келісім жақын арада мәселені шеше алмайды. Алайда одақтастар Украинаға өз қорларындағы зымырандарды беруге дайын болуы мүмкін. Себебі олар кейін бұл қорлардың қайта толықтырылатынына сенімді болады", – деп жазды басылым.
Шілде айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамп Financial Times газетіне берген сұхбатында Украинаға Patriot зениттік зымырандарын өндіруге лицензия беріледі деп нақты айта алмайтынын, бұл мәселе әлі қарастырылып жатқанын атап өтті.
Вашингтондағы Ақ үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Біз бейбітшілікті қалаймыз – Трамп
Жаңалықтар
0