https://sputnik.kz/20260811/qazaqstannyn-zhalpy-ishki-onimi-zheti-ayda-41-ga-osti-65596103.html
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі жеті айда 4,1%-ға өсті
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі жеті айда 4,1%-ға өсті
Sputnik Қазақстан
Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап қалды 11.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-11T08:23+0500
2026-08-11T08:23+0500
2026-08-11T08:33+0500
жіө
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40970411_0:159:3075:1889_1920x0_80_0_0_93d5ef09d7e526a77a04c882f25a12d4.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1%-ға өсті. Бұл көрсеткіш бірінші жартыжылдықтағы деңгеймен бірдей, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, мұнай өндіру көлемінің 8,9%-ға, яғни 53,2 млн тоннаға дейін төмендеуіне және жаһандық нарықтың құбылуына қарамастан, экономикадағы оң динамика сақталды.Экономиканың негізгі драйверлерінің бірі – өңдеу өнеркәсібі. Саладағы өсім 9,0%-ды құрады. Бұдан бөлек, құрылыс саласында 15,3%, көлік және қойма шаруашылығында 7,4%, саудада 5,9%, ауыл шаруашылығында 5%, байланыс саласында 4,3% өсім тіркелді.Айта кету керек, экономиканы кезең-кезеңімен әртараптандырудың нәтижесінде экономикадағы мұнай секторының рөлі айтарлықтай төмендеді."Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндірудің ЖІӨ құрылымындағы үлесі 7,8%-ға дейін қысқарды", - дейді министрлік мамандары.
https://sputnik.kz/20260508/kiriske-aser-etip-zhatyr-ekonomika-ministri-dollardyn-bagamyna-qatysty-pikir-bildirdi-63272776.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40970411_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_69e78b233221e2b7e387f03ad846669d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жіө, қазақстан
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі жеті айда 4,1%-ға өсті
08:23 11.08.2026 (жаңартылды: 08:33 11.08.2026) Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап қалды
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1%-ға өсті. Бұл көрсеткіш бірінші жартыжылдықтағы деңгеймен бірдей, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, мұнай өндіру көлемінің 8,9%-ға, яғни 53,2 млн тоннаға дейін төмендеуіне және жаһандық нарықтың құбылуына қарамастан, экономикадағы оң динамика сақталды.
"Экономикалық өсім негізінен шикізаттық емес секторлардың есебінен қалыптасып отыр. Ұлттық экономика министрлігінің есептеуінше, биылғы жеті айда бұл секторлар 5,4%-ға өскен", - деп жазылған хабарламада.
Экономиканың негізгі драйверлерінің бірі – өңдеу өнеркәсібі. Саладағы өсім 9,0%-ды құрады. Бұдан бөлек, құрылыс саласында 15,3%, көлік және қойма шаруашылығында 7,4%, саудада 5,9%, ауыл шаруашылығында 5%, байланыс саласында 4,3% өсім тіркелді.
Айта кету керек, экономиканы кезең-кезеңімен әртараптандырудың нәтижесінде экономикадағы мұнай секторының рөлі айтарлықтай төмендеді.
"Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндірудің ЖІӨ құрылымындағы үлесі 7,8%-ға дейін қысқарды", - дейді министрлік мамандары.