Қарағанды облысында өртенген үйден мәйіт табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚарағанды облысында өртенген үйден мәйіт табылды
Қарағанды облысында өртенген үйден мәйіт табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
Өртенген екі қабатты үйде барлығы 17 адам тұрған
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында өрт шыққан үйден бір адамның мәйіті табылды.

Өрт 11 тамызда Мойынты кентінде екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үйден шыққан.
© PhotoҚарағанды облысында 17 адам тұрған екі қабатты үй өртенді
Қарағанды облысында 17 адам тұрған екі қабатты үй өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Қарағанды облысында 17 адам тұрған екі қабатты үй өртенді
Салдарынан шатырдың ағаш торламасы, терезе мен есіктер, сондай-ақ алты пәтердің ішіндегі үй заттары мен жиһаздары жанған. Құтқарушылар пәтерлердің бірінен 27 литрлік газ баллонын алып шықты.

Өрт кезінде пәтерлердің біріндегі 80 шаршы метр аумақтағы төбенің бір бөлігі опырылып түскен. Өрт сөндірілгеннен кейін құтқарушылар үйінділердің астынан адам қалдықтарын тапты. Оның кім екенін анықтау үшін сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалды.
Қарағанды облысында 17 адам тұрған екі қабатты үй өртенді
Қарағанды облысында 17 адам тұрған екі қабатты үй өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Қарағанды облысында 17 адам тұрған екі қабатты үй өртенді
Үйде барлығы 17 адам тұрған. Қазіргі уақытта тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылған.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2026
Үш баланың өмірін жалмаған өрт: тірі қалған науқастың жағдайы ауыр
Жаңалықтар
0