Орал қаласынан Мәскеуге тікелей рейс іске қосылады

© Авиакомпания NordwindОрал қаласынан Мәскеуге тікелей рейс іске қосылады
Орал қаласынан Мәскеуге тікелей рейс іске қосылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
Жаңа бағыт бойынша билеттер сатылымда
АСТАНА, 11 тамыз-Sputnik. Орал әуежайының әкімшілігі Мәскеуге жаңа тікелей рейстің іске қосылғанын хабарлады.
27 қазаннан бастап Орал - Мәскеу - Орал бағыты бойынша Ресей астанасына рейстерді Nordwind әуекомпаниясы орындайды. Рейстер аптасына екі рет сәрсенбі және жексенбі күндері Boeing 737-800 ұшағымен жүзеге асырылады.
Nordwind - жолаушылар айналымы бойынша Ресейдегі ең ірі он авиакомпанияның бірі. Авиакомпанияның маршруттық желісі Ресей Федерациясы мен шет елдер бойынша 85-тен астам ұшу бағыттарын қамтиды.
Рейстерге билеттер сатылымда, деп атап өтті әуе айлағының баспасөз қызметі.
Тоқаев екі ел арасында әуе рейстерін арттыруды ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасында әуе рейстерін арттыруды ұсынды
Жаңалықтар
0