https://sputnik.kz/20260811/on-alty-zhyl-boyy-uryp-soqqan-almatyda-kuyeuin-oltirgen-ayeldi-sot-aqtady-65604575.html
Он алты жыл бойы ұрып-соққан: Алматыда күйеуін өлтірген әйелді сот ақтады
Он алты жыл бойы ұрып-соққан: Алматыда күйеуін өлтірген әйелді сот ақтады
Sputnik Қазақстан
Әйел қорғану мақсатында ас үй пышағымен күйеуінің кеуде тұсына бір рет сұғып алған 11.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-11T12:52+0500
2026-08-11T12:52+0500
2026-08-11T12:52+0500
алматы
сот үкімі
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:214:1280:934_1920x0_80_0_0_697c8484b647bcd21f2341d905ef10ab.jpg
АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Алматыда күйеуін пышақтап өлтірген әйел ақталып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқиға биыл 1 мамырда болған.Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі жазбасында әйелдің 16 жыл бойы отбасылық жанжалдың құрбаны болғанын жазды. Бұл туралы Таңсәріге сотталған әйелдің туыстары айтқан.16 жыл отбасылық өмірінде әйел жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурудан екі рет емделген. Бұнымен қоймай, күйеуі оны үнемі ұрып-соғып келген. Ал қайғылы оқиға болатын күні ер адам әйелін тағы да ұрған. Жанталасып көшеге қашқан әйел полиция шақыру үшін ұялы телефон іздеген. Бірақ ешкім көмек қолын созбаған. Амалсыз үйіне оралған кезде оны күйеуі тағы ұрмақ болады. Әйел қорғану мақсатында ас үй пышағымен күйеуінің кеуде тұсына бір рет сұғып алады. Ер адам оқиға орнында көз жұмған. Ал әйел полиция мен жедел жәрдемді шақырады.Қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып – адам өлтіру.Сотталушыға қатысты қолданылған "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылды. Ал жәбірленушінің моральдық және мүліктік зиянды өндіру туралы азаматтық талабы қанағаттандырылған жоқ.
https://sputnik.kz/20250825/zhogargy-sot-toragasy-prezidentke-zhyl-basynan-beri-qansha-adam-aqtalyp-shyqqanyn-aytty-56583499.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, сот үкімі, зорлық-зомбылық
алматы, сот үкімі, зорлық-зомбылық
Он алты жыл бойы ұрып-соққан: Алматыда күйеуін өлтірген әйелді сот ақтады
Әйел қорғану мақсатында ас үй пышағымен күйеуінің кеуде тұсына бір рет сұғып алған
АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Алматыда күйеуін пышақтап өлтірген әйел ақталып шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оқиға биыл 1 мамырда болған.
Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі жазбасында әйелдің 16 жыл бойы отбасылық жанжалдың құрбаны болғанын жазды. Бұл туралы Таңсәріге сотталған әйелдің туыстары айтқан.
16 жыл отбасылық өмірінде әйел жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурудан екі рет емделген. Бұнымен қоймай, күйеуі оны үнемі ұрып-соғып келген. Ал қайғылы оқиға болатын күні ер адам әйелін тағы да ұрған. Жанталасып көшеге қашқан әйел полиция шақыру үшін ұялы телефон іздеген. Бірақ ешкім көмек қолын созбаған. Амалсыз үйіне оралған кезде оны күйеуі тағы ұрмақ болады. Әйел қорғану мақсатында ас үй пышағымен күйеуінің кеуде тұсына бір рет сұғып алады. Ер адам оқиға орнында көз жұмған. Ал әйел полиция мен жедел жәрдемді шақырады.
Қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып – адам өлтіру.
"Алқабилер сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген айып бойынша кінәлі емес деп таныды. Осыған байланысты сот ақтау үкімін шығарды", – дейді Алматы облысының соты.
Сотталушыға қатысты қолданылған "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылды. Ал жәбірленушінің моральдық және мүліктік зиянды өндіру туралы азаматтық талабы қанағаттандырылған жоқ.