Мектеп сөмкесі бала салмағының 10%-нан аспауы тиіс - министрлік

© Sputnik / Тимур БатыршинМектеп сөмкесі бала салмағының 10%-нан аспауы тиіс - министрлік
Мектеп сөмкесі бала салмағының 10%-нан аспауы тиіс - министрлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
Бос рюзактың салмағы 1 килограмнан аспауы тиіс
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мектеп рюкзагын қалай таңдау керектігін түсіндірді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға мектеп рюкзагының ішіне оқулықтар, дәптерлер және басқа да оқу құралдары салынғаннан кейін оның қаншалықты ауырлайтынын тексеру ұсынылды. Негізгі бағдар: толық жиналған рюзактың салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауы тиіс.

Мектеп сөмкесінің жеңіл болуы, баланың бойына сәйкес келуі, арқасына ыңғайлы орналасуы және иығына артық салмақ түсірмеуі маңызды, дейді министрлік.
Оқу құралдарының ұсынылатын салмағы оқушының жасына байланысты:
1–3 сынып оқушылары үшін – 2 килограмға дейін;
4–5 сынып оқушылары үшін – 2,5 килограмға дейін;
6–7 сынып оқушылары үшін – 3,5 килограмға дейін;
8–11 сынып оқушылары үшін – 4,5 килограмға дейін.
"Мамандар оқулықтар мен оқу құралдарын қоса есептегендегі рюкзактың жалпы салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауын ұсынады. Мысалы, оқушының салмағы 30 килограмм болса, толық жиналған сөмкенің салмағы 3 килограмнан аспағаны жөн", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мамандар бос рюзактың салмағы 1 килограмнан аспауын ұсынады. Айтуларынша, рюкзак бала үшін тым үлкен болмауы және белден айтарлықтай төмен түсіп тұрмауы тиіс.
Казахстанские школьники - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
"Дін мемлекеттен бөлек": министрлік мектеп формасына қойылатын талаптарды түсіндірді
Жаңалықтар
0