Астана–Петропавл автожолында жол апатынан екі адам көз жұмды

© Photo : РixabayЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2026
Жазылу
Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысты
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, 7-еуі жарақат алды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
10 тамызда Астана–Петропавл автожолында Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды. Осы көліктің тағы алты жолаушысы және ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ жолда барынша мұқият болуға шақырды.
Жаңалықтар
0