https://sputnik.kz/20260810/vaucherlik-qarzhylandyru-natizhesinde-balabaqsha-kezegi-7-esege-zhuyq-qysqardy-65585963.html
Ваучерлік қаржыландыру нәтижесінде балабақша кезегі 7 есеге жуық қысқарды
Ваучерлік қаржыландыру нәтижесінде балабақша кезегі 7 есеге жуық қысқарды
Sputnik Қазақстан
Пилоттық жоба аясында 35 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді 10.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-10T14:06+0500
2026-08-10T14:06+0500
2026-08-10T14:06+0500
балабақша
қаржыландыру
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1a/55126785_0:57:1078:663_1920x0_80_0_0_dd466991a1fa3dc768adaf58a97ea023.jpg
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобалар балабақша кезегінің қысқаруына ықпал етті, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Ведомствода хабарлағандай, бұған дейін балабақша орындарына кезектің вертикалды қағидатпен қалыптасуы жалған контингентті тіркеу, балабақшалар арасындағы бәсекелестіктің шектелуі және бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келді.Жаңа механизм аясында деректердің дұрыстығын тексеріп, бұзушылықтарды анықтайтын тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлудің объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жаңа механизмді іске асыру нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны артты. Сонымен қатар кезекте тұрған 2-6 жастағы балалар саны 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқарды.Пилоттық жоба аясында 35 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Үнемделген қаражат есебінен қосымша ваучерлер беріліп отыр.
https://sputnik.kz/20260407/qazaqstandagy-en-qymbat-balabaqsha-qay-qalada-62435063.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1a/55126785_59:0:1019:720_1920x0_80_0_0_637b1b5452cd5fbd55cda29bd386dca7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, қаржыландыру, министрлік
балабақша, қаржыландыру, министрлік
Ваучерлік қаржыландыру нәтижесінде балабақша кезегі 7 есеге жуық қысқарды
Пилоттық жоба аясында 35 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобалар балабақша кезегінің қысқаруына ықпал етті, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Ведомствода хабарлағандай, бұған дейін балабақша орындарына кезектің вертикалды қағидатпен қалыптасуы жалған контингентті тіркеу, балабақшалар арасындағы бәсекелестіктің шектелуі және бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келді.
Жаңа механизм аясында деректердің дұрыстығын тексеріп, бұзушылықтарды анықтайтын тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлудің объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Қазіргі таңда ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба 20 қала мен 23 ауданда іске асырылып жатыр. Оған 6 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым қатысып отыр. Жоба аясында 1 миллионнан астам ваучер берілді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа механизмді іске асыру нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны артты. Сонымен қатар кезекте тұрған 2-6 жастағы балалар саны 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқарды.
Пилоттық жоба аясында 35 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Үнемделген қаражат есебінен қосымша ваучерлер беріліп отыр.