Тоқаев Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіМемлекет басшысы аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
Мемлекет басшысы аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!", – делінген жеделхатта.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2024
Тоқаев Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады
Жаңалықтар
0