https://sputnik.kz/20260810/toqaev-abay-ilimi--rukhani-shamshyragymyz-aynymas-temirqazygymyz-65575394.html
Тоқаев: Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз
Тоқаев: Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз
Sputnik Қазақстан
Тоқаев биыл Абай күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты 10.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-10T08:10+0500
2026-08-10T08:10+0500
2026-08-10T08:10+0500
президент
абай құнанбайұлы
қазақ әдебиеті
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1f/65367376_0:46:1280:766_1920x0_80_0_0_6af9d6cc3cde5f5b9d968193aa625e05.jpg
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қатарынан айрықша орын алатынын айтты.Тоқаев биыл Абай күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанын айтып, осы ретте Қазақстанның Халық Конституциясы заңды күшіне енгенін және көп ұзамай ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтетінін жеткізді."Бұл өзгерістердің түпкі мәні – жасампаздық құндылықтарын азаматтардың санасына сіңіріп, Қазақстанның тың қарқынмен дамуына жол ашу. Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеалдарды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз. Ұлы ақын халықтың болашағы үшін білімпаздық, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттер өте маңызды екенін ұғындырды, көрегендік танытып, жұртты бірлік пен келісімді сақтауға шақырды", - деді мемлекет басшысы.Президент Абай қара сөздерінің тағылымы қазіргі Қазақстанның "Адал Азамат", "Таза Қазақстан", "Заң мен Тәртіп" тұғырнамалық идеялары құндылықтарымен толық үндесетін айтты.
https://sputnik.kz/20260810/abay-kuni-uly-aqynnyn-tuganyna--181-zhyl-65547212.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1f/65367376_74:0:1206:849_1920x0_80_0_0_b963b997a76eb20bcd34d3564eeed453.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, абай құнанбайұлы, қазақ әдебиеті
президент, абай құнанбайұлы, қазақ әдебиеті
Тоқаев: Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз
Тоқаев биыл Абай күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қатарынан айрықша орын алатынын айтты.
"Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Ақын жұртшылықты толғандыратын көкейкесті мәселелерді бүкпесіз айтып, халқымызды бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Хакімнің "Толық адам" идеясы – әрбір азаматты рухани кемелденуге үндейтін және ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мазмұны терең тұжырым", - деді президент.
Тоқаев биыл Абай күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанын айтып, осы ретте Қазақстанның Халық Конституциясы заңды күшіне енгенін және көп ұзамай ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтетінін жеткізді.
"Бұл өзгерістердің түпкі мәні – жасампаздық құндылықтарын азаматтардың санасына сіңіріп, Қазақстанның тың қарқынмен дамуына жол ашу. Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеалдарды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз. Ұлы ақын халықтың болашағы үшін білімпаздық, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттер өте маңызды екенін ұғындырды, көрегендік танытып, жұртты бірлік пен келісімді сақтауға шақырды", - деді мемлекет басшысы.
Президент Абай қара сөздерінің тағылымы қазіргі Қазақстанның "Адал Азамат", "Таза Қазақстан", "Заң мен Тәртіп" тұғырнамалық идеялары құндылықтарымен толық үндесетін айтты.
"Сондықтан, біз Әділетті, Озық әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлы ойшылдың мол мұрасы алдағы уақытта да өскелең ұрпақты шынайы отаншылдық пен туған елге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу ісінде рухани азық болады деп сенемін. Баршаңызға амандық және табыс тілеймін! Абай күні құтты болсын!", - деді Тоқаев.