Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуРабота станции скорой медицинской помощи в Тамбове
Работа станции скорой медицинской помощи в Тамбове - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Жазылу
Соңғы мәлімет бойынша, 13 адам, оның ішінде бір бала қаза болды
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Татарстанның Нижнекамск қаласында дрон шабуылынан Өзбекстанның жеті азаматы қаза тапты, деп хабарлады Өзбекстанның Қазандағы бас консулдығы.
Ведомство жағдайдың Бас консулдықтың бақылауында екенін атап өтті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жергілікті тергеу органдарымен байланыс орнатылды.
"Сот-медициналық сараптама мен қажетті ресми рәсімдер аяқталғаннан кейін қаза болғандардың мәйітін Өзбекстанға жеткізу үшін тиісті шаралар қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Бүгін таңертең Татарстан аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасады. Нижнекамскіде өндірістік нысандармен қатар азаматтық нысандарға да соққы берілген. Соңғы мәлімет бойынша, 13 адам, оның ішінде бір бала қаза болды. 75 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың 21-і ауруханаға жатқызылды.
Татарстан басшысы Рустам Минниханов дрон шабуылының салдарын жедел жоюды тапсырды.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Нижнекамскіге Набережные Челны қаласынан қосымша дәрігерлер бригадалары жіберілді. Татарстанда қаралы күн жарияланды.
Ресей Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Ведомствоның мәліметінше, шабуыл жасалған нысандарда әскери қимылдарға қатысы жоқ бейбіт тұрғындар болған.
Жаңалықтар
0