Тамызда қанша талапкер ҰБТ тапсырады

ҰБТ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Жазылу
Осы уақыттың ішінде 30 мыңнан астам талапкер тест тапсыруға өтініш білдірді
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік беретін ұлттық бірыңғау тестілеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тамыз ҰБТ-сы 14 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыттың ішінде 30 мыңнан астам талапкер тест тапсыруға өтініш білдірді. Олардың 65%-ы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, ал 100 адам ағылшын тілінде қажетті ұпай жинауға ниетті.
ҰБТ-ға қатысатындар:
биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері;
қандастар;
шетелде орта білім алған түлектер;
шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер;
басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер;
алдыңғы оқу жылында шекті балл жинамаған және ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылданған тұлғалар;
"Сонымен қатар, өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде білімін жалғастыруды жоспарлаған колледж түлектері әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады. Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады", - делінген ресми хабарламада.
Негізгі ҰБТ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Тамыздағы ҰБТ-ға өтінім қабылдау басталды
Жаңалықтар
0