Қазақстанда Абай есімін таңдайтындар көбейіп келеді - статистика

Поэт Абай Кунанбаев
Поэт Абай Кунанбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Жазылу
Бұдан бөлек, Қазақстанда 37 844 Ибраһим бар
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұратын Абай есімді азаматтардың нақты санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тіркелген. Олардың көбісі үш өңірде тұрады.
Астана - 2 186;
Түркістан облысы - 2 008;
Алматы қаласы - 1 740.
Қазақстандағы жасы үлкен Абай 94-те, ал есім ең көп таралған жас тобы – 30-34-тің арасы. Осы жастағы Абайлардың саны 3 267 адамды құрайды.
Бұдан бөлек, Қазақстанда 37 844 Ибраһим бар. Соның ішінде есімі "Ибрагим" және "Ибрахим" деп жазылатындар аз емес.
Айта кетері, былтыр Қазақстанда Абай есімді 18 763 адам тұрған.
Возложение цветов к памятнику Абаю в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Абай күні: ұлы ақынның туғанына – 181 жыл
Жаңалықтар
0