Астаналық оқушы халықаралық математика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды

© AP Photo Суд по делу Бишимбаева
Суд по делу Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Жазылу
Тағы бір оқушы үшінші орынға ие болып, қола медальмен марапатталды
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Елордалық оқушы Сингапурда өткен халықаралық математика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды, деп хабарлады Астана әкімдігі.
Сингапур қаласында 17-22 маусым аралығында "StemCo Global Finals Maths 2026/SGFM 2026" халықаралық олимпиадасының финалы өтті. Байқауға әлемнің әр түкпірінен ұлттық онлайн іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары алтын, күміс және қола жүлдегерлері қатысты.
"Smart Technological School" мектебінің 5-сынып оқушысы Әлімжан Көпеев абсолютті чемпион атанып, I орын және алтын медаль иеленді. Ал мектептің тағы бір оқушысы Әлихан Мұрат III орынға ие болып, қола медальмен марапатталды", - деп жазылған хабарламада.
Олимпиада тапсырмалары Сингапурдың озық математикалық білім беру бағдарламасына негізделді. Қатысушылардың тек математикалық формулаларды білуі ғана емес, күрделі контекстік есептерді талдауы, логикалық ойлауы және алған білімін практикалық жағдайда қолдана білу қабілеті сыналды.
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Астаналық оқушы білім сапасын арттыратын жоба ойлап тапты
Жаңалықтар
0