https://sputnik.kz/20260809/qazaqstanda-qurylys-zhumystarynyn-kolemi-152-ga-osti-65556165.html
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2%-ға өсті
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2%-ға өсті
Sputnik Қазақстан
Құрылыс саласының елдің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 6%-ды құрайды 09.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-09T12:30+0500
2026-08-09T12:30+0500
2026-08-09T12:30+0500
құрылыс
құрылысшы
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854346_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_25bddcc815ac4c5d3fe68c481116eafd.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 4,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға жоғары, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыстардың көлемі 10,7 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 17,5%-ға өскен.Құрылыс материалдары нарығында отандық өндірістің үлесі 70%-дан асады. Ішкі нарықтағы сұранысты 3 мыңнан астам кәсіпорын қамтамасыз етеді.2026 жылы құрылыс материалдарын өндіру саласында жалпы құны 202,2 млрд теңге болатын 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар аясында 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.Айта кетері, Қазақстанда бүгін – құрылысшы күні аталып өтеді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854346_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_70721b671d4953b365aea6e58dc78c4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс, құрылысшы, қазақстан
құрылыс, құрылысшы, қазақстан
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2%-ға өсті
Құрылыс саласының елдің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 6%-ды құрайды
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 4,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға жоғары, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыстардың көлемі 10,7 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 17,5%-ға өскен.
"Саладағы маңызды өзгерістердің бірі жаңа Құрылыс кодексінің енгізілуі болды. Құжат құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, құрылыс нысандарын пайдаланудың кепілдік мерзімін ұзарту, жобалау кезінде сейсмикалық тәуекелдерді ескеру және құрылыс ұйымдарын цифрлық бақылау тетіктерін енгізу қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Құрылыс материалдары нарығында отандық өндірістің үлесі 70%-дан асады. Ішкі нарықтағы сұранысты 3 мыңнан астам кәсіпорын қамтамасыз етеді.
2026 жылы құрылыс материалдарын өндіру саласында жалпы құны 202,2 млрд теңге болатын 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар аясында 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетері, Қазақстанда бүгін – құрылысшы күні аталып өтеді.