https://sputnik.kz/20260809/qazaqstan-khalqyna-qorynyn-bilim-grantyna-kimder-umitker-bola-alady-65554364.html
"Қазақстан халқына" қорының білім грантына кімдер үміткер бола алады
"Қазақстан халқына" қорының білім грантына кімдер үміткер бола алады
Sputnik Қазақстан
Қор оқу ақысын ғана емес, студенттерге шәкіртақы да төлейді 09.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-09T11:01+0500
2026-08-09T11:01+0500
2026-08-09T11:01+0500
қазақстан халқы
білім гранттары
мемлекеттік стипендия
https://sputnik.kz/img/82/38/823868_0:160:2049:1312_1920x0_80_0_0_219d4d2ca4d48d99e3008418d268a248.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. 2026-2027 оқу жылында "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлердің жоғары оқу орындарында білім алуына 350 білім беру грантын бөлді, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.Білім беру грантына ауылдық елді мекендер, шағын және моноқалалар мектептерінің 25 жасқа дейінгі (қоса алғанда) түлектері төмендегі санаттардың біріне жататын жағдайда үміткер бола алады:Білім беру грантының иегерлеріне оқу ақысы жылына 1 миллион теңгеге дейін төленеді. Сонымен қатар оқу кезеңінде ай сайын 60 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалады. Шәкіртақы жыл сайын жазғы демалыс кезеңін қоспағанда 10 ай бойы төленеді.Үміткерлер тізімі жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасымен рәсімделеді.Бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімі, бөлінген гранттар саны және оларды беру тәртібі туралы толық ақпарат "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының ресми сайтында орналастырылған.
https://sputnik.kz/20260807/2026-zhylgy-bilim-granty-iegerlerinin-tizimi-zhariyalandy-65483045.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/82/38/823868_90:0:1913:1367_1920x0_80_0_0_460fad819bf0de7a35236242782ed48d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан халқы, білім гранттары, мемлекеттік стипендия
қазақстан халқы, білім гранттары, мемлекеттік стипендия
"Қазақстан халқына" қорының білім грантына кімдер үміткер бола алады
Қор оқу ақысын ғана емес, студенттерге шәкіртақы да төлейді
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. 2026-2027 оқу жылында "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлердің жоғары оқу орындарында білім алуына 350 білім беру грантын бөлді, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Білім беру грантына ауылдық елді мекендер, шағын және моноқалалар мектептерінің 25 жасқа дейінгі (қоса алғанда) түлектері төмендегі санаттардың біріне жататын жағдайда үміткер бола алады:
жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
мүгедектігі бар тұлғалар;
мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары, сондай-ақ ата-анасының мүгедектігі бар талапкерлер.
Білім беру грантының иегерлеріне оқу ақысы жылына 1 миллион теңгеге дейін төленеді. Сонымен қатар оқу кезеңінде ай сайын 60 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалады. Шәкіртақы жыл сайын жазғы демалыс кезеңін қоспағанда 10 ай бойы төленеді.
"Білім беру грантын алуға үміткерлердің тізімі жоғары оқу орны немесе оның филиалы ҰБТ-дан өтіп, оқуға түсу үшін белгіленген ең төменгі өту балын жинаған талапкерлердің (оның ішінде шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескерілген) арасынан жасалады", - деп жазылған хабарламада.
Үміткерлер тізімі жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
Бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімі, бөлінген гранттар саны және оларды беру тәртібі туралы толық ақпарат "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының ресми
сайтында орналастырылған.