Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерден өтініш қабылдау басталды

© Sputnik / Владислав ВодневПаспорт гражданина Казахстана
Паспорт гражданина Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2026
Жазылу
Қазақстанда республика азаматтығын алу үшін тестілеуге өтініш қабылдау басталды
АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. 10–20 тамыз аралығында Қазақстан азаматтығын алуға үміткер азаматтардан арнайы тестілеуге өтініш қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.
Азаматтық алу үшін тестілеу жылына екі рет: тамыз және ақпан айларында өткізіледі.
Өтінішті орталықтың сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы 10-20 тамыз аралығында беруге болады. Тестілеу 22 тамызда өтеді. Ол 3 блоктан тұрады:
️қазақ тілі бойынша тест — 30 тапсырма, шекті балл — 15,
️Конституция негіздері бойынша (қазақ немесе орыс тілінде) — 40 сұрақ, шекті балл — 20,
Қазақстан тарихы бойынша (қазақ немесе орыс тілінде) — 30 тапсырма, шекті балл — 15.
Тестілеуге 2 сағат 10 минут беріледі, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қосымша 30 минут қосылуы мүмкін. Құны — 14 693 теңге.
Сынақ тестілеуін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 3355 теңгеге тапсыруға болады.
Жеке куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2025
Жамбыл облысында қос азаматтығы бар ер адамға 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
Жаңалықтар
0