Министрлік психиатриялық аурухананың пациенттеріне қатыгездік көрсетілгенін жоққа шығарды
15:49 09.08.2026 (жаңартылды: 15:52 09.08.2026)

© Photo : Пресс-служба акима Астаны
Жазылу
Әлеуметтік желіде пациенттердің құқықтары бұзылды деген ақпарат тараған соң тексеріс жүргізілген
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Ақтас кентіндегі психиатриялық аурухананың пациенттеріне қатыгездік көрсетілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Алматы облысының Ақтас кентінде орналасқан, жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухананың пациенттеріне физикалық шектеу шараларын қолдану, ықпал ету шарасы ретінде дәрілік препараттарды пайдалану және пациенттердің ар-намысына тиетін өзге де әрекеттер жасалды деген әлеуметтік желілерде тараған ақпараттар расталған жоқ. Бұл ресми тексеру қорытындысы бойынша анықталды", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде пациенттердің құқықтары бұзылды деген ақпараттың жариялануына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті аталған медициналық ұйымға тексеріс жүргізді.
Жарияланым авторы өзінің жеке естеліктеріне сілтеме жасайды және оның айтуынша, аталған оқиғалар 2008 жылы медициналық ұйымның 7, 10 және 12-бөлімшелерінде болған. Бұл ретте автордың дербес деректері көрсетілмеген, ал сипатталған оқиғалар шамамен 18 жыл бұрынғы кезеңге жатады, дейді министрлік.
Қоғамдық резонансты ескере отырып, медициналық көмек көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуы, психикалық денсаулық саласындағы медициналық-әлеуметтік көмектің сапасы, сондай-ақ пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері тексерілді.
"Денсаулық сақтау министрлігі әрбір пациенттің құқықтарын, ар-намысы мен қауіпсіздігін сақтау сөзсіз басымдық болып табылатынын атап көрсетеді. Психикалық бұзылыстарды диагностикалау және емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады", - деп мәлімдеді министрлік.
Министрлік медициналық көмектің сапасына және пациенттердің құқықтарының сақталуына бақылауды жалғастырады.