Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Финляндия Украинаға Patriot зымырандарын бере алмайды – қорғаныс министрі

© Sputnik / Алексей ФурманКиев, виды города
Киев, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2026
Жазылу
Оның айтуынша, қазір АҚШ-тың қару-жарақ өндіру қарқыны Еуропа үшін басты мәселе болып отыр
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Финляндия қорғаныс министрі Антти Хяккянен Киевке Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды бере алмайтынын мәлімдеді. Оның сөзін Ilta-Sanomat газеті жариялады.
"Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Алайда майдан жанындағы ел ретінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы тұрақты жауынгерлік әзірлігімізге қауіп төндіре алмаймыз", - деді ол.
Министрдің айтуынша, қазір АҚШ-тың қару-жарақ өндіру қарқыны Еуропа үшін басты мәселе болып отыр.

"Алайда бұл жерде бюрократия мен енжарлық бар. Пентагон, яғни АҚШ Қорғаныс министрлігі өндірісті жеделдету үшін шынымен батыл шаралар қабылдауы керек", - деп толықтырды Хяккянен.

Кеше Украина басшысы Владимир Зеленский Еуропа елдерінен Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін Украинаға беруді сұрады.
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Зеленскийдің зымыран жеткізу туралы өтінішіне түсініктеме бере отырып, бұл зымырандардың АҚШ-тың өзіне де қажет екенін айтты. Сондай-ақ ол Джо Байден әкімшілігі бұған дейін Киевке орасан зор көлемде қару-жарақ бергенін еске салды.
Мэттью Уитакер - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Patriot зымырандарын шығару туралы келісім қысқа дейін жасалмайды – Уитакер
Жаңалықтар
0