44 градус аптап ыстық: ертең ауа райы қандай болады

ыстық
ыстық - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2026
Жазылу
Республика бойынша дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Қазгидромет 10 тамызға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтын болады, найзағай мен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін", - дейді мамандар.
Республика бойынша жел күшейеді, күндіз еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысында, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде 40-41 градус ыстық, Маңғыстау облысында 43-44 градус аптап ыстық болады.
Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды облыстарында, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарыңың оңтүстігінде 35-38 градус ыстық, Жамбыл облысында 38-40 градус ыстық, Түркістан және Қызылорда облыстарында 40-43 градус аптап ыстық күтіледі.
Елдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жаңалықтар
0