Жамбыл облысында 580 гектар аумақтағы жабайы қарасора жойылды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Куст марихуаны
Куст марихуаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Жазылу
Биылғы жылы есірткі қылмысының деңгейі 37,8%-ғатөмендеген
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысы Меркі ауданында 580 гектар аумақта 376 тонна жабайы қарасора шабылып, жойылды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

Аудан аумағында жабайы қарасора өсетін жерлердің жалпы көлемі шамамен 19 мың гектарды құрайды.

Бұл жұмыстарды жүргізуге жұмыс тобының мүшелерімен қатар 14 ауылдық округтен 28 ерікті тартылып, қажетті арнайы техника жұмылдырылған.

Бүгінгі күнге 580 гектар аумақта 376 тонна жабайы қарасора шабылып, өртеу арқылы жойылды.

"Жабайы қарасораны жою жұмыстары ауданда жыл сайын жүйелі түрде жүргізіліп, есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алудың маңызды шараларының бірі болып табылады. Жүргізіліп жатқан кешенді профилактикалық жұмыстар есірткі қылмыстары деңгейінің төмендеуіне ықпал етуде", - делінген хабарламада.

Мәселен, 2025 жылдың 7 айында 45 есірткі қылмысы тіркелсе, биылғы жылдың сәйкес кезеңінде 28 қылмыс тіркеліп, қылмыс деңгейі 37,8%-ғатөмендеген.

Жамбыл облысының прокуратурасы есірткі құралдарын заңсыз өсіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және олардың заңсыз айналымына байланысты өзге де әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
Қарасора - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Қостанай тұрғыны гараж бен моншада қарасора өсірген
Жаңалықтар
0