https://sputnik.kz/20260808/turkistan-oblysynda-kone-qalashyq-zhangyrtylyp-zhatyr-65549309.html
Түркістан облысында көне қалашық жаңғыртылып жатыр
Түркістан облысында көне қалашық жаңғыртылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Ежелгі ошақтың сылақ қабаттары да қалпына келтірілді 08.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-08T19:36+0500
2026-08-08T19:36+0500
2026-08-08T19:36+0500
түркістан облысы
жаңғырту
қала келбеті
https://sputnik.kz/img/07ea/08/08/65548638_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_a2c555491da25d5ad71ffadf789502f7.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Түркістан облысындағы Отырар қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.Министрлік мәліметінше, "Қазқайтажаңарту" РМК мамандары көне құрылыс технологияларын қолдана отырып, көне кешеннің жекелеген бөліктерін қалпына келтіріп жатыр.Қалашықты айнала қоршаған орды жауын-шашынның әсерінен қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Оның бетіне сабан араластырылған арнайы сылақ жағылды. Дәстүрлі әдіспен дайындалған бұл қоспа қорғаныш қабатын нығайтып, түрлі сыртқы әсерден болатын бүлінуді азайтады.Ғылыми-реставрациялық жұмыстарда Отырардың тарихи ерекшеліктері ескеріліп, археологиялық ескерткіштің түпнұсқа келбетін сақтауға басымдық беріліп отыр.
https://sputnik.kz/20260727/turkistanda-qozha-akhmet-yasaui-kesenesi-manyndagy-kone-qorgan-zhangyrtylyp-zhatyr-65252819.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/08/65548638_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_a745b245e10b561919c32902ff4b3c98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, жаңғырту, қала келбеті
түркістан облысы, жаңғырту, қала келбеті
Түркістан облысында көне қалашық жаңғыртылып жатыр
Ежелгі ошақтың сылақ қабаттары да қалпына келтірілді
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Түркістан облысындағы Отырар қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Министрлік мәліметінше, "Қазқайтажаңарту" РМК мамандары көне құрылыс технологияларын қолдана отырып, көне кешеннің жекелеген бөліктерін қалпына келтіріп жатыр.
"Қалашық аумағындағы тұрғын үйлер қабырғаларының жекелеген бөліктері бекітіліп, зақымданған тұстары жөнделді. Ежелгі ошақтың сылақ қабаттары да қалпына келтірілді. Сонымен қатар кіреберіс жол ретке келтіріліп, бүлінген сылақ қабаты жаңартылды", - деп жазылған хабарламада.
Қалашықты айнала қоршаған орды жауын-шашынның әсерінен қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Оның бетіне сабан араластырылған арнайы сылақ жағылды. Дәстүрлі әдіспен дайындалған бұл қоспа қорғаныш қабатын нығайтып, түрлі сыртқы әсерден болатын бүлінуді азайтады.
Ғылыми-реставрациялық жұмыстарда Отырардың тарихи ерекшеліктері ескеріліп, археологиялық ескерткіштің түпнұсқа келбетін сақтауға басымдық беріліп отыр.