https://sputnik.kz/20260807/zhol-zhuru-aqysyn-uaqytyly-toleytinder-ushin-buryngy-tarif-saqtalady---buyryq-bekitildi-65520881.html
Жол жүру ақысын уақытылы төлейтіндер үшін бұрынғы тариф сақталады - бұйрық бекітілді
Жол жүру ақысын уақытылы төлейтіндер үшін бұрынғы тариф сақталады - бұйрық бекітілді
Sputnik Қазақстан
Көлік министрлігінің бұл бұйрығы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүретіндерге қатысты 07.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-07T09:42+0500
2026-08-07T09:42+0500
2026-08-07T09:49+0500
алматы облысы
ақылы жол
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36193862_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_e8501da8ce631120320a0bc94e4b337f.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысын алу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Көлік министрлігі.Тиісті өзгерістер вдомство басшылығының бұйрығымен бекітілді.Енгізілген өзгерістердің басты ерекшелігі – жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушылар үшін төлем мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады.Сонымен қатар, бұйрықпен негізгі тарифтер қайта қаралды. Олар көлік құралының санатына қарай 0,14 АЕК-тен (605,5 теңге) 0,44 АЕК-ке (1903 теңге) дейін белгіленген. Алайда бұл тарифтер жол жүру ақысы тіркелген күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде төленбеген жағдайда ғана қолданылады.Яғни енгізілген өзгерістер төлем тәртібін сақтауды ынталандыруға бағытталған және жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушыларға әсер етпейді.Жол жүру құнын есептеу тәртібі өзгеріссіз қалады. Бұрынғыдай төлем мөлшері көлік құралының санатына және ақылы жол учаскесінде бір сағатқа дейін болуына қарай есептеледі. Жүріп өткен қашықтық жол жүру ақысына әсер етпейді.Өзгерістер бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 16 тамыздан бастап күшіне енеді.
https://sputnik.kz/20260701/qazaqstanda-11-shildede-zhana-aqyly-zhol-ashylady-64595344.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36193862_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_4d72d0e9b6b24e8ea904949765ed844d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, ақылы жол, министрлік
алматы облысы, ақылы жол, министрлік
Жол жүру ақысын уақытылы төлейтіндер үшін бұрынғы тариф сақталады - бұйрық бекітілді
09:42 07.08.2026 (жаңартылды: 09:49 07.08.2026) Көлік министрлігінің бұл бұйрығы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүретіндерге қатысты
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысын алу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Тиісті өзгерістер вдомство басшылығының бұйрығымен бекітілді.
Енгізілген өзгерістердің басты ерекшелігі – жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушылар үшін төлем мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады.
"Осылайша, төлемді уақытылы жүргізетін пайдаланушылар үшін жол жүру құны көлік құралының санатына қарай 0,07 АЕК-тен (302,75 теңге) 0,22 АЕК-ке (951,5 теңге) дейінгі мөлшерде сақталады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, бұйрықпен негізгі тарифтер қайта қаралды. Олар көлік құралының санатына қарай 0,14 АЕК-тен (605,5 теңге) 0,44 АЕК-ке (1903 теңге) дейін белгіленген. Алайда бұл тарифтер жол жүру ақысы тіркелген күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде төленбеген жағдайда ғана қолданылады.
Яғни енгізілген өзгерістер төлем тәртібін сақтауды ынталандыруға бағытталған және жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушыларға әсер етпейді.
Жол жүру құнын есептеу тәртібі өзгеріссіз қалады. Бұрынғыдай төлем мөлшері көлік құралының санатына және ақылы жол учаскесінде бір сағатқа дейін болуына қарай есептеледі. Жүріп өткен қашықтық жол жүру ақысына әсер етпейді.
"Алматы облысының Талғар, Қарасай және Іле аудандарының тұрғындары үшін қолданыстағы жеңілдіктер де сақталады. Бұл санаттағы пайдаланушылар үшін айлық және жылдық абонементтердің құны өзгермейді", - дейді министрлікте.
Өзгерістер бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 16 тамыздан бастап күшіне енеді.