https://sputnik.kz/20260807/qazaqstanda-600-ge-zhuyq-dari-bagasy-arzandady-65530917.html
Қазақстанда 600-ге жуық дәрі бағасы арзандады
Қазақстанда 600-ге жуық дәрі бағасы арзандады
Sputnik Қазақстан
Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды 07.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-07T14:36+0500
2026-08-07T14:36+0500
2026-08-07T14:38+0500
баға
денсаулық сақтау министрлігі
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_0:62:1059:658_1920x0_80_0_0_fdaf62be7fbb13f3a09c0df26aa796db.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Шілде айында еліміздегі дәріханаларда бақыланатын дәрілік заттардың төрттен біріне жуығының бағасы арзандады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында инфекциялық ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар. Атап айтқанда:Министрлік хабарлауынша, дәрілік заттардың нақты құны таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы бақыланады. Бұл жүйе дәрілік препараттардың медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты бағаларды мемлекет белгілеген шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260515/biyl-memleket-esebinen-dari-alatyndar-tarapynan-shagymdar-sany-18-ga-azaydy---ministrlik-63452088.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_50:0:1010:720_1920x0_80_0_0_a8602009f8c57dd73cca38f855ae40d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баға, денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмек
баға, денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмек
Қазақстанда 600-ге жуық дәрі бағасы арзандады
14:36 07.08.2026 (жаңартылды: 14:38 07.08.2026) Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Шілде айында еліміздегі дәріханаларда бақыланатын дәрілік заттардың төрттен біріне жуығының бағасы арзандады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.
"Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған", - деп жазылған хабарламада.
Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында инфекциялық ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар. Атап айтқанда:
Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға;
Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға;
Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға;
Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға;
Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға;
Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға;
Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.
Министрлік хабарлауынша, дәрілік заттардың нақты құны таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы бақыланады. Бұл жүйе дәрілік препараттардың медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты бағаларды мемлекет белгілеген шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.