https://sputnik.kz/20260807/eldegi-zhedel-zhardem-brigadalary-7-ayda-52-million-shaqyrtuga-qyzmet-korsetken-65530419.html
Елдегі жедел жәрдем бригадалары 7 айда 5,2 миллион шақыртуға қызмет көрсеткен
Елдегі жедел жәрдем бригадалары 7 айда 5,2 миллион шақыртуға қызмет көрсеткен
Sputnik Қазақстан
Бұл – тәулігіне шамамен 25 мың шақырту 07.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-07T13:46+0500
2026-08-07T13:46+0500
2026-08-07T13:47+0500
денсаулық сақтау министрлігі
жедел жәрдем
халық
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0c/51540504_0:132:1280:853_1920x0_80_0_0_cb9e837f1e73a3e94507e60c8d8a0dcf.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанның жедел медициналық жәрдем қызметі 5,2 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсетті.Министрлік мәліметінше, бүгінде еліміз бойынша 20 дербес жедел медициналық жәрдем станциясы, 92 қалалық қосалқы станция және 189 аудандық бөлімше жұмыс істейді. Соның арқасында шұғыл медициналық көмек ірі қалалардың тұрғындарына да, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға да қолжетімді."Тәулігіне кезекшілікке 1 669 көшпелі бригада шығып, тәулік бойы көмек көрсетуге дайын тұрады. Жедел әрекет ету үшін 2 728 жедел медициналық жәрдем автокөлігі пайдаланылады", - дейді министрлікте.Оның ішінде 1 733-і қалаларда, ал 995-і ауылдық жерлерде қызмет көрсетеді.
https://sputnik.kz/20260728/astanada-zhedel-zhardem-kolikterin-zhondeuge-bolingen-qarzhyny-zhymqyrgandar-sottaldy-65273592.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0c/51540504_89:0:1226:853_1920x0_80_0_0_e9966ff0c30383eb235082265e37d3c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, жедел жәрдем, халық
денсаулық сақтау министрлігі, жедел жәрдем, халық
Елдегі жедел жәрдем бригадалары 7 айда 5,2 миллион шақыртуға қызмет көрсеткен
13:46 07.08.2026 (жаңартылды: 13:47 07.08.2026) Бұл – тәулігіне шамамен 25 мың шақырту
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанның жедел медициналық жәрдем қызметі 5,2 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсетті.
"Бұл – тәулігіне шамамен 25 мың шақырту. Әрбір осындай көрсеткіштің артында аман алып қалған өмірлер, пациенттерге дер кезінде көрсетілген көмек және еліміздің түкпір-түкпірінде тәулік бойы қызмет атқарып жүрген мыңдаған медицина қызметкерлерінің еңбегі тұр", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, бүгінде еліміз бойынша 20 дербес жедел медициналық жәрдем станциясы, 92 қалалық қосалқы станция және 189 аудандық бөлімше жұмыс істейді. Соның арқасында шұғыл медициналық көмек ірі қалалардың тұрғындарына да, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға да қолжетімді.
"Тәулігіне кезекшілікке 1 669 көшпелі бригада шығып, тәулік бойы көмек көрсетуге дайын тұрады. Жедел әрекет ету үшін 2 728 жедел медициналық жәрдем автокөлігі пайдаланылады", - дейді министрлікте.
Оның ішінде 1 733-і қалаларда, ал 995-і ауылдық жерлерде қызмет көрсетеді.